- Негізгі бет
- Психология
- Есте сақтау қабілетін...
Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін...
Адам баласы 20 минут ішінде естіген ақпараттың 30%-ын, ал жарты сағатта 50%-ын ұмытып қалады екен. Олай болса, есте сақтау қабілетімізді қалай жақсартамыз?
1. Жаттығу
Сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру – миды жұмыс істетуге арналған ең тиімді әдістер. Бұлар - пайдалы әрі жеңіл тәсілдер.
2. Жүзім шырыны
Күнделікті тамақтану мәзіріне жүзім шырынын қоссақ, есте сақтау қабілетіміз 20%-ға жақсарады. Жүзім шырыны күлгін түсті болуы керек. Оның құрамында миды жасартатын антиоксиданттар көп.
3. Физикалық белсенділік
Жаяу жүру, жүгіру мен билеу – денені жаттықтырып, есте сақтау қабілетін жақсартатын әдістің бірі. Мұндай белсенділік есте сақтауға әсер ететін жасушалардың пайда болуына септігін тигізеді.
4. Дауыстап айту
Егер біз телефон нөмірін, мекен жайын немесе біреудің аты жөнін дауыстап айтсақ, миымыз оны жаттап алады. Бұл жазып алу әдісінен әлдеқайда тезірек жүзеге асатын құбылыс.
5. Ұйқы
Жақсы ұйқы – денсаулық кепілі. Ұйқысын қандыратын адамдардың өмірі ұзақ болады. Ұйықтап жатқан кезде ағзамыз босаңсып, демалады. Жасартатын гормондар қызметі тездетіледі. Ұйқысы қанған ағза ақпаратты 2 есе жақсырақ есінде сақтайды.
6. Релаксация
Медитация, йога және уқалау зейінді бір арнаға жинақтауға, есте сақтауға әсер етеді.
7. Көзге арналған жаттығу
Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті 10%-ға жақсарады. Мұны ғалымдар дәлелдеген.
8. Байланыс
Есте сақтау әдістерінің бірі – фактілерді бір-бірімен байланыстыру (ассоциация).
9. Тамақтану
Дұрыс тамақтану есте сақтауға тікелей әсер етеді. Ең алдымен, антиоксиданттарды жеу керек. Қара өрік, саумалдық, жаңғақ, цитрус, қызылша, қаражидек пен мейізді жиірек жеуіңіз керек.
10. Дәрумендер
Ең пайдалы дәрумен – В дәрумені. В12 дәруменінің (балық, ет, жұмыртқа, құс) жетіспеушілігі есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді. Бұл дәрумен жұмыс істеуде көмекші болып келеді. Сондай-ақ С, Е дәрумендері жайлы да ұмытпауымыз керек.
Миды үнемі жұмыс істетіп тұрсаңыз, есте сақтау қабілетіңіз де жақсарады.
Сурет: direct-press.ru
Ұқсас жазбалар:
Мына тағамдарды аш күйде жеуге болмайды
Ф. Абилова