Еркектер көңілшек болып барады

Еркектер көңілшек болып барады
Фото: es.padlib.com

Жаңа зерттеулер қорытындысы бойынша, бүгінде ер адамдар көңілшек болып барады екен. Олар өздерінің әкелерінен көп жылайтын болып шықты.

Танымал телеарналардың бірі ұйымдастырған тәжірибеге 2000-нан астам ерікті ер адам қатысқан. Тәжірибеге қатысушылармен жұмыс жасаған мамандар күтпеген қорытынды шығарып отыр. Себебі, бүгінгі күннің ер адамдары өздерінен үлкен буын ағаларына қарағанда көп жылайды екен.

Ер адамдар көбіне аянышты бейнебаяндар мен фильмдерді көргенде, сүйікті спортшысы мен командасы жеңілгенде көз жасын тыя алмайтындықтарын мойындаған. Тіпті, психологтар еркектердің шын өмірдегі оқиғаларға емес, теледидардан көрсететін шоуларды көріп көп жылайтынын растап отыр.

О. Сансызбай