Көз жасы неге ащы болады?

Көз жасы неге ащы болады?
Фото: www.youmatter.org

Адам баласы жылаған кезде ащы сұйықтық бөлінеді. Бұл көздің сыртқы факторлардың әсерінен қорғануы үшін қажет. Сонымен қатар, көз жасы көздің сулануын қамтамасыз етіп, стрессті жоюға көмектеседі. Ал оған ащы болу міндетті ме? Расында неліктен көз жасы ащы болады?

Мұның жауабын білу үшін ащы сұйықтықтың құрамын анықтап көрелік. Көз жасының шамамен 99%-ы судан (Н2О), қалғаны тұз (NaCl) сынды бейорганикалық заттардан тұрады. Тұздың пайыздық шамасы аз болса да, көз жасының ащы болуы бүгінге дейін толық анықталмаған.

Айта кетелік, көз жасының тұздық мөлшері әр адамның ағзасында жүріп жатқан зат алмасу процесіне байланысты. Адам жылаған кезде көздің қорғаныс қабаты іске қосылып, сұйықтық бөледі. Аталған функция жүректің соғуын да жылдамдатып, оның ауыртпалығын арттырады. Осы кезде натрий хлорына калий мен магнийдің иондары қосылады. Бұл қосымша тұздықты қамтамасыз етеді.

Адам баласы қуаныштан жыласа, көз жасындағы тұз мөлшері төмен болады. Сондай-ақ, сәбидің жасында да тұз мөлшері аса байқалмайды.

Ж. Өрісбай