Кино, сериал қарап, кітаптар оқып, адам жастайынан өмірдің қандай болуы мүмкін екенін түсініп, тани бастайды. Алайда нейробиолог, психологтардың зерттеуінің нәтижесі бойынша адамдардың қарым-қатынасы, қабылдауы біз ойлағаннан әлдеқайда өзгеше. Адам миының қызметі жайында 5 психологиялық ақиқатпен танысыңыз.
1. Қателік жіберетін адамдар өзгелерге көбірек ұнайды
Адамдар ешқашан қателеспейтін адамды ұнатпайды. Қателіктер бізді өзгелердің көзінде тартымдырақ етеді. Ал «мінсіздік» арақашықтықты ұзартып, қорқыныш, сенімсіз сезімдерін ұлғайтады.
Бұл эффектті Эллиот Аронсон атты психолог дәлелдеген. Ол жинаған адамдар викторинаға қатысушылардың әрекетін құлаққаппен тыңдаған. Кейбір жазбаларда адамдардың кофе шыныларын құлатып, сындырғаны естілген. Зерттеу нәтижесі бойынша, жазбаларды тыңдағандар кофе төгіп алған адамдарды ұнатқаны анықталды.
2. Сенімнің нәтижесі болады
Егер бір нәрсенің болатынына сенетін болсаңыз, ол міндетті түрде орындалады. Бұл – Пигмаллион эффекті деп аталады. Роберт Розенталь атты психолог бұл эффектті мектепте зерттеп, дәлелдеді.
Жылдың басында Розенталь мұғалімдерге IQ тестін үздік өткен оқушылар тізімін берді. Бірақ бұл тест нәтижесі жалған еді. Роберт Розенталь оқушылардың тегін ешқандай қасиет, жетістіктеріне қарамай, таңдап алған еді.
Жыл соңында дәл сол оқушылар жақсы көрсеткішке жетті. Мұғалімдердің сол балаларға деген сенімі олардың үлгерімін өзгертті.
3. Таңдау көп жерде риза болуымыз екіталай
Үлкен дүкеннен бір нәрсе сатып алып, үйге келген соң өкініп жататынымыз жиі болатын жағдай. «Арзандауын табуға болатын еді», «басқа түрін де қарау керек еді», «тағы бірнеше апта күтіп, жеңілдікпен алу керек еді» деп ашуланып жатамыз.
Егер сатып алған нәрсеміздің пайдасы мол болса да, таңдауға мүмкіндік бар жерден келген сатып алушы міндетті түрде өкінеді. Бұл – «таңдау парадоксы» деп аталатын құбылыс.
©Михаил Клещев
4. Адам көп жерде көмек табу қиын
Егер сізге көмек керек болса, адам көп жерден іздемеңіз. Ондай кезде «куәгер эффектісі» іске асады.
Бұл құбылысты Бибб Латан мен Джон Дарли атты психологтар дәлелдеді. Егер қала ортасында біреу талып, құласа, адамдар жиналып, қарап тұруы мүмкін. Бірақ телефонды алып, дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсететін адам табылуы екіталай.
Егер көшеде біреу ауырып қалғанын байқасаңыз, алғашқы көмек көрсетуге тырысыңыз. Дәл сол мезетте жиналған адамның біріне: «Сен, жедел жәрдем шақыр», басқасына: «Сен, полиция қызметкерлерін шақырт», қалғандарына ары тұрып, ауаны тарылтпауға бұйрық бер. Адам көп жерде ешкім өз білгенінше әрекеттенбейді.
5. Сіздің қателіктеріңізді көп жағдайда ешкім байқамайды
«Маған біреу қарап тұрған сияқты» деген сезім әдетте қате болып келеді. Қателескен кезде адам өзіне сенімсіз болады. Алайда шын мәнінде ол қателікті біреудің байқауы сирек кездесетін жағдай.
Бұл теорияны зерттеу мақсатында психологтар тобы арнайы тағайындалған адамдарға әртүрлі жазу, суреттері бар футболка кигізіп, аулада қанша адамның оған назар аударатынын санауды тапсырды. Олардың санағы қате болып шықты. Шын мәнінде оларға назар аударып, қараған адам саны екі есе аз болды.
Расында да, көшеде келе жатқанда, сіз ойлағандай көп адам сізге қарамайды. Сондықтан қоғамдық жерлерде өзіңізді еркін сезінуіңізге болады.