- Негізгі бет
- Психология
- Бойыңыздағы сұлулықты қалай...
Бойыңыздағы сұлулықты қалай бағалайсыз? (тест)
Бүгін – Халықаралық сұлулық күні. Мерекенің белгіленуіне мұрындық болған – Халықаралық эстетика және косметология комитеті (CIDESCO).
Халықаралық эстетика және косметология комитеті – сұлулықтың әлемдегі ең басты халықаралық Ассоциациясы. Ол 1946 жылы Брюссельде құрылған болатын. Сол уақыттан бері қызу жұмыс істеп келе жатқан ұйымның көптеген елдерде бөлімшелері бар.
1995 жылы Бүкіләлемдік конгрессте 9 қыркүйекті Бүкіләлемдік сұлулық күні деп атау туралы шешім қабылданды. Бұл күнгі барлық іс-шаралар мен әрекеттер "әлемді құтқарады" деген классикалық сөздің құрметіне жасалады.
Жалпы сұлулық дегеніміз не? Мұны әлемдегі ең көкейтесті сұрақтардың бірі әрі бірегейі деуге болады. Ендеше, сұлулық күнінде қызықты тест ұсынуды жөн көрдік.
1. Сіз жұмысқа жаңа шаш үлгісін жасатып келдіңіз. Бірақ ешкім мән берген жоқ. Сіз қандай күйде боласыз?
А. Түсіністікпен қараймын, себебі мен сырт келбетіме жиі өзгеріс жасап тұрамын.
В. Жаңа шаш үлгім өзіме жараспайтынын сезгенмін.
С. Қызық, мен әдемі көрініп тұрмын, бірақ ешкім байқамағаны қалай? Бәрі жұмыспен басы қатып отыр-ау.
D. Бүгін тағы қысқалау етіп өзгертемін. Ертең бәрі аңғаратын болады.
2. Таңертең сізді маңызды кездесу күтіп тұр. Бірақ шашыңызды жуып үлгермейсіз. Не ойлайсыз?
А. Мен жасаған презентация керемет, шашыма ешкім назар аудармайды да.
В. Мен басымды аптасына бір-ақ рет жуамын. Уақыты келген жоқ.
С. Шашымды дұрыстап тарап, артқа қарай қайырып қатырып қоямын. Ешкім байқамай да қалады
D. Шаш үлгім нашар болғандықтан кездесуге бармаймын немесе кейінге қалдырамын. Бірден бұлай көріну – ыңғайсыз.
3. Сіз аптасына неше рет селфи жасайсыз?
А. Бір аптаға дейін әлеуметтік желіге кірмеуім мүмкін. Ал одан кейін селфи суреттерімді толтырып саламын. Біреуге ұнамай қалуы мен үшін маңызды емес.
В. Селфиге дұрыс түсе алмаймын. Түссем де ешкімге көрсетпеймін.
С. Маңызды іс-шаралар кезінде ғана селфи жасаймын.
D. Аптасына бірде-бір күнді жібермей, кем дегенде 7 селфи жасаймын.
4. Дүкеннен спирттік ішімдік сатып алғанда алғаш рет сізден құжат сұрамады...
А. Керемет. Мен ылғи құжаттарымды алып жүруді ұмытып кетемін.
В. Қош келдің, кәрілік)
С. Дүкен сатушы ешкімнен сұрамайтын еріншек секілді.
D. Сұлулық салонына бірден жазылу керек
5. Достарың салмақ қосқаныңды меңзеп болсын айта бастады...
А. Олардың айтқаны бір құлағымнан кіріп, екінші құлағымнан шығып кетеді. Салмағым маңызды емес.
В. Мен өте семізбін. Ешкім маған қарамайды.
С. Иә, мен соңғы кезде нан өнімдерін көп жеп жүрмін. Бір-екі рет жеуді тоқтатсам, бәрі қалпына келеді. Аса қатты қорқыныш емес.
D. Сол сәттен бастап диетаға отырамын.
6. Сүйіктің өзгеге көз қырын сала бастаса...
А. Қызғаншақтық не екенін білмеймін, қызғанбаймын.
В. Ол менімен қалай өмірін байланыстыратынын түсінбеймін.
С. Ескерту жасап, соңын әзілге айналдырып жіберемін.
D. Бұл – айырылысуға себеп. Оның бұл қылығына шыдамаймын.
7. Айнаға қарағанда ең бірінші қандай ой келеді?
А. Бетім қандай, әдемі.
В. Мен ойлағандай, ешбір айна болмаса ғой...
С. Иә, өзімді мінсізбін деп санамаймын. Бірақ айтарлықтай емес.
D. Аздап ота жасатсам, бәрі керемет болар еді.
Ескерту: Тестке жауап беріп барып нәтижесін қараңыз!
Тест жауаптары бойынша нәтижеңіз
"А" жауабын көбірек таңдаған болсаңыз:
Сіз шамасы шығармашылық жандар қатарынан боласыз. Жазушы, музыкант немесе суретші болуыңыз мүмкін. Шығармашылықпен айналысып жүргенде сырт келбетіңізге көп мән бермейсіз. Көшеге шашыңызды жумай, түрлі шұлық киіп шыға беруіңіз де мүмкін. Сырт келбетке қатты назар аудармайсыз. Жұрт секілді сән қумайсыз. Өзіңізді ережелермен шектеп қоймайсыз.
"В" жауабын көбірек таңдаған болсаңыз:
Сіз жұрт көзіне түспей жүргенді қалайсыз. Ерекше киініп жұрт көзіне түскіңіз келмейді. Бала кезде немесе жасөспірім шағыңызда психологиялық соққы алған болуыңыз да мүмкін. Сізге қоғамнан оқшау болып, өзіңіз ойлаған әлемде өмір сүрген ұнайды. Шын өмірден алшақтап, қиындықтарды елемеуге тырысасыз. Елемеудің соңы есеңгіретіп жібермесіне, кім кепіл? Өз қорқынышыңызды достарыңызбен, жаныңызға жақын жандармен бөлісе біліңіз. Психолог кеңесіне жазылғаныңыз да жөн.
"С" жауабын көбірек таңдаған болсаңыз:
Құттықтаймыз, сіз өз бағаңызды білетін, әрі оған мән беретін жансыз. Өзгелердің қаңқу сөздері мен кей жағымсыз ой-пікірлеріне құлақ аспайсыз. Аса қатты мінсіз болу маңызды емес. Бұзылған шаш үлгісі немесе киімге түскен дақты көріп, қатты бір шошымайсыз. Бірлі-жарым кило қосқан салмағыңыз сізді мазалауы мүмкін. Ол кезде спортпен шұғылдануға көңіл бөле бастайсыз. Ең бірінші сіз өзіңізге ұнауға тырысасыз. Бұл – сіздің күшіңіз бен даналығыңыз.
"D" жауабын көбірек таңдаған болсаңыз:
Cіз перфекционист жансыз. Өзіңізді әркез тым арық немесе сұлу емес, қартайып бара жатқандай сезінесіз. Кез келген сынды ауыр қабылдайсыз. Өзіңізді мінсіз жан сезіну үшін – барлығын жақсы көруіңіз қажет. Косметологқа тынымсыз бару, пластикалық ота жасату, бренд киімдерді кию – мұның барлығы өзіңе көңіл толмаудың бір белгісі.
Н. Үсенова