Қоғам инклюзив болуы үшін сананы өзгертіп қана қою жеткіліксіз, сонымен қатар, айналамыздағы кеңістікке де назар аударымыз шарт.Бір қарағанда, әбден қатталып қалған қалалық инфрақұрылым мен ортаны өзгерту күрделі шаруа көрінеді. Алайда осы бағытта жасалған әрбір қадам бізді тең құқықты әрі үйлесімді қоғамға айналдырады. Jusan-мен бірігіп жүзеге асырып жатқан Шексіз мүмкіндіктер жобасында біз қалалық орта проблемаларын Алматының мысалында талқылап көрдік. Ал мақалада шетелдік тәжірибеге көз тастап, қандай қалалар ерекше қажеттілігі бар адамдарға тұруға және саяхаттауға қолайлы екенін айтып береміз.