Балаңыз бақытты болсын десеңіз...

Балаңыз бақытты болсын десеңіз...

Балаңызға мына сөздерді жиі айтыңыз: 

♥ Мен сені жақсы көрем.

♥ Мен сені бәрінен де қатты жақсы көрем.

♥ Мен саған ашулансам да, сені қатты жақсы көрем.

♥ Сен менен қашықта болсаң да, мен сені сүйем, себебі менің махаббатым қашанда сенімен бірге.

♥ Егер мен әлемдегі қалаған баланы таңдап алатын болсам, мен бәрібір сені таңдар едім.

♥ Рақмет.

♥ Маған бүгін сенімен ойнаған ұнады.

♥ Менің ешқашан ұмытылмас күнім сенімен бірге өткізген күнім.


♣ Оның туылу тарихы туралы айтыңыз.

 Балаңызға қалай ат қойғаныңыз туралы.

 Бала кезінде алақанды аялағаныңызды айтыңыз.

 Оның жасындағы өзіңіз туралы да айтыңыз.

 Атасы мен әжесі қалай кездескенін айтыңыз.

 Сүйікті түстеріңізді айтыңыз.

 Қиындықтарыңызды бөлісіңіз.

 Жоспарыңызбен ақылдасыңыз.

 Қазір немен айналысып жатқаныңызды айтыңыз.


♦ Балаңызды әрқашан тыңдай біліңіз.

♦ Балаңыз ойыншықтары туралы айтып жатса, ол өте маңызды. Сондықтан оны мұқият тыңдау керексіз.

♦ Балаңыз қашанда сіздің көмегіңізге зәру екенін ұмытпаңыз.

♦ Балаңызға деген сезіміңізді сездіре біліңіз.

♦ Оның қандай ойы бар екенін біліп жүріңіз.

♦ Әр күнін қалай өткізгенін сұраңыз.

♦ Баланың бетін қақпай, белін буыңыз.

♦ Жан-жақты тәрбиелеп, дұрыс нәрселерге үйретіңіз.

♦ Ойыншықтардан үй салып үйретіңіз.

 

♠ Балаңызбен бірге тамақ дайындаңыз.

♠ Құстарға қарауға уақыт бөліңіз.

♠ Бос уақытыңызда бірге уақыт өткізуге тырысыңыз.

♠ Бірге ойыншық ойнап, көңіл көтеріңіз.

♠ Өзіңіз ойнамасаңыз да, қасында отырыңыз.

♠ Тосын сый жасап, көңіл-күйін көтеріңіз.

♠ Құймаққа шоколад салып беріңіз.

♠ Еденде отырса да, онымен бірге ойнаңыз.

 Балаңызға әрқашан күлімдеген көзіңізбен қараңыз.

 Бөлмеңізге кірсе, күліп қарсы алыңыз.

 Балаңыздың сұраған нәрселеріне шынайы жауап беріңіз.

Балаларыңыздың бақытты болғанын қаласаңыз, жылы-жылы сөйлеп, қашанда көңілін таба білуге тырысыңыз. Өйткені бала - біздің байлығымыз, ертеңге еге болар ұрпағымыз. 

Сурет: www.snowmilk.com.tw

Оқи отырыңыз:

Нағыз ер жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?

Жігіттің қызға айтқысы келетін 9 сөзі

Әйел затының болмысын түсіну үшін...

Жігіттер қыздармен қанша уақыт сөйлесе алады?

Ж. Исакаев