Жігіттің қызға айтқысы келетін 9 сөзі

Жігіттің қызға айтқысы келетін 9 сөзі
Фото: vk.com

Жігіттердің жан сарайына үңіліп, зерделеп көргенімізде, олардың қыздарына айтқысы келіп, айта алмайтын сөздері бар екенін аңғардық. Жігіттердің қатпар-қатпар сыр сандығын ақтарып көрейік.

Біз, жігіттер:

1. Қасында болғанда, өзімізді жайлы сезінсек, ол қыздан ешқашан кетпейміз. 

2. Көбіміз кір жуа аламыз. Үтіктеу, сүрту, тамақ пісіру де қолымыздан келеді. 

3. Мықты әйелдерден үрейленеміз. Қыздарға әлсіз еркектің ұнамайтыны сияқты, бізге де мықты әйелдер ұнай бермейді. 

4. Даяшыға айғай салған қызды көрсек, тек қана түңіліп кетеміз. Қызға сыпайылық тән деп білеміз.

5. Біз сіздердің барлық еркеліктеріңізді көтере білеміз. Кейде шектен шыққан шолжаңдыққа жол беретініміз қаншалықты өзімшіл екендіктеріңізді байқау үшін... 

6. Мейрамханаға апару, әзіл айтып, қызды айналсоқтау сезімнің туындағанын білдірмейді. 

7. Біз соқыр емеспіз, сондықтан, боялмаған шаш пен алынбаған тырнақты бірден байқай аламыз.

8. Қыздың бойында әлдебір өнері болса, оны жасырмағаны жөн. Біз қыздың ерекшелігін бағалай білеміз.

9. Әлемде үш миллиардтай әйел бар. Сәтті ерлерге қарағанда, әдемі әйелдер әлдеқайда көп. Әйелдің сұлулығы - оның басты қорғаны.

М. Оңғарова