- Негізгі бет
- Психология
- «Ақша табу қиын»...
«Ақша табу қиын» деп ойлайтын болсаңыз
Алдымен өз ойыңызды өзгертіңіз. Бұл әрекетті диета ұстаумен салыстыруға болады. Өзі қалаған мінсіз мүсінге ие болған адам диета ұстағаннан кейін бірнеше жыл бойы бір салмақты ұстап тұрады. Қанша тамақ ішу керек, қандай жаттығу жасау керек, бұл туралы бас қатыра бермейді. Неге? Өйткені адамның өмір сүру тәртібі денсаулығы мен мүсінін сақтап тұрады. Оған диета ұстау кестесі қажет емес, себебі, ол автоматты түрде миында сақтаулы.
Ой алпауыт күшке ие. Сондықтан шынайы өмірде бір нәрсе өзгерткіңіз келсе, бәрін ойдан бастаңыз. Ақшаға қатысты мәселелер күйзеліс тудыратындықтан, қаражат туралы ойдың бәрі негативті болады. «Ақша деген – дұшпан», «Ақша табу қиын», «Ақша мені жақсы көрмейді», «Ақшам жоқ» деп ойлайсыз. Бұл сөздер сізге таныс па? Осынау негативті ойды позитивті ойға айналдыруға бола ма, көрейікші. Ақша адамға еркіндік, білім мен жайлы өмір сыйлайды. Ол біздің өсуімізге, тәуелсіз болуымызға, оқуымызға, материалдық құндылықтарға ие болуымызға мүмкіндік береді.
Ойлау қабілетін қалай өзгертуге болады? Күн сайын позитивті ойды қайталаудан бастаңыз.
М. Оңғарова