Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Сын сағатта / Егер... / Ақша табамын десеңіз...

Ақша табамын десеңіз...

Ақша табамын десеңіз...

Бүгінгі таңда табысты адамдар өте көп. Олардың әрқайсысының өзіндік құпиялары бары да анық. Біреу жетістікке жеңіл жолмен жетсе, енді біреу маңдай терімен жетеді. Адамзат тарихында ең бай адам саналатын Джон Рокфеллердің байлығы бүгінгі бағамен есептегенде 200 млрд. долларды құрар еді. Қомақты сома. Бұл бүкіл Қазақстанның 2012 жылғы жалпы ішкі өніміне пара-пар. Рокфеллер мансабын қарапайым есепші қызметінен бастап, 1916 жылы 29 қыркүйекте алғашқы долларлық миллиардер атанды. Осы жолдағы ұстанымдары өзге де адамдардың табысты болуына септігін тигізіп жатыр. Біз де біле жүрейік.

1. Мен 100 пайыз өзімнің күш-жігерім арқылы табыс тапқанға қарағанда, 100 адамның 1 пайыз күш-жігерінен пайда тапқанды қалар едім.

2. Күндіз-түні жұмыс істеген адамның ақша табуға уақыты жоқ.

3. Абыройлы болуға тырысыңыз, ертең ол сізге қызмет етеді.

4. Дұрыс болсын, бұрыс болсын, жақсы болсын, жаман болсын – қайсарлықтың арқасында барлығы іске асады.

5. Бизнеске негізделген достық – достыққа негізделген бизнестен артық.

6. Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық төлеймін.

7. Әзіл айту мен қарыз алу аяқ астынан болуы керек.

8. Егер сіздің жалғыз мақсатыңыз байлыққа қол жеткізу болса, онда ол ешқашан орындалмайды.

9. Маған ойланатын адамдар емес, жұмыс істейтін адамдар керек.

10. Ақша табу жолы – қандай жағдай болса да сатып алу.

11. Құдай менің ширақ қимылдап, барлық күш-жігерімді салатынымды білгендіктен, табысты болуымды және кез-келген жерде пайда табатынымды сездім.

12. Жақсы басқара білу – ол орта қабілетті адамдарға ерекше адамдардың жұмысын қалай істеуге болатынын көрсету.

13. Мен әрқашан кез-келген сәтсіздікті мүмкіндікке айналдыруға тырыстым.

14. Бәрін білетін адамдар ішінен ынтасы бар адамды жұмысқа қабылдар едім.

15. Жетістіктің кез-келген түріне жету үшін батылдықтан басқа маңызды қасиет болмас деп ойлаймын.

16. Ақшаға деген махаббатқа ғана бола барлық уақытын ақша табуға арнаған адамнан жексұрын жанды білмеймін.

17. Мен бұл өмірде маңдайыма не жазғанын ешқашан білген емеспін, бірақ әйтеуір бір ҰЛЫ іске жаратылғанымды әрқашан білдім.

18. Үлкен шығындардан қорықпау керек. Аз пайдадан қорқу керек.

19. Менің қандай нәрседен рахаттанатынымды білесіз бе? Жұмсаған күш-жігерімнің пайда алып келгенін көру.

20. Сіздің әл-ауқатыңыз шешімдеріңізге байланысты.

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Әсел Жутаева
Фото: yurayakunin - LiveJournal
Қосылған күні: 15 қараша 2016, 21:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.