- Негізгі бет
- Психология
- Адамның ойын қалай...
Адамның ойын қалай оқуға болады?
Әрине, адам ойын оқып білу мүмкін емес. Алайда, біз оқып тұрғандай кейіп танытсақ, бізді бақылаған жұртқа іс-әрекетіміз шынайы болып көрінетіні анық. Сиқыр өте қарапайым. Алдымен сиқырдың сырт көзден қалай көрінетінін байқап, кейінірек сиқыр іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін үйренейік.
Сиқыршы бір адамнан бір сан ойлауын сұрайды. Кейінірек сиқыршы ол кісіге ойлаған санын екіге көбейт, бірді қос, одан сегізді азайт деген секілді амалдарды орындатқызады. Осындай бірнеше амалдан соң сиқыршы адамның ойлаған санын тауып береді. Алданған адам таңқалып, сізге таңырқай қарайтын болады. Ең бастысы бұл жерде жанындағы достары құртып қоймаса болғаны. Енді бұл сиқырдың құпиясы неде екендігін көрелік.
Сиқыршы жасырған белгісіз санды шамалап «х» әрпі деп алуы тиіс. Одан кейін алданып жатқан кісінің көңілін басқа жаққа бұру үшін оған неше түрлі қосу, азайту амалдарын жасатады. Қойып жатқан амалдарыңыздың артынша өзіңізде ілесіп, есептеп отыруыңыз қажет. Мысалы, екіні қос дегенде (x+2), (2x+4). Бастысы барынша математикалық амалда бөлуді қолданбаған жөн, себебі адам есептен шатасуы мүмкін. Шыққан санды алданған кісі сиқыршыға айтады, ал сиқыршы болса жауабына сәйкес ойлаған санды тез есептеп береді. Бұл сиқырды жасау үшін алдымен бірнеше рет қайталап, жаттығып алған абзал.
Сиқырдың ең басты ережесі сиқыршы математикалық амалды неғұрлым ұзақ етіп көрсету керек.
Оқи отырыңыз:
Қоғамдық көліктегі ұрлықшылардың белгілері
Дайындаған: Жұлдыз Телемісова
Н. Нұрмаханұлы