Қоғамдық көліктегі ұрлықшылардың белгілері

Қоғамдық көліктегі ұрлықшылардың белгілері

Көпшілігіміз таңертең қоғамдық көлікпен жол жүретіндіктен, қалтадан зат ұрлаушылардан сақтану тақырыбы қажет болар деген оймен бірнеше кеңес жаздық.

Мұндай ұрлық түрімен барынша күрес жүргізілсе де, күн санап көбеюде. Ең бірінші, қалта ұрлықшыларының таңертең және кешке жұмыс істейтінін біліңіз. Яғни адамдар сабаққа немесе жұмысқа, үйге асығып бара жатқан кезде. Ұрлықты жүзеге асыру үшін автобустағы адамның көп болып, қысылысып тұруы әсер етеді.

Қалташы еш уақытта жалғыз өзі жұмыс істемейді. Олар нақты рөлдері ойластырылған бірнеше адамнан тұрады. Әдетте бірі - «қол тежегіш» - жәбірленушіге кедергі келтіруші, екіншісі – «керік» - оған әдетте ұрланған зат беріледі.

Қалташыны көпшіліктің арасынан келесі белгілері арқылы ажыратуға болады. Міндетті түрде қолында үлкен кітабы, журналы, газеті немесе пакеті болады. Бұл - ұрланған затты жасыратын «шымылдық». Немесе даяшы секілді қолына киімін асып алады. Күн ыстық немесе қатты суық кезде қалыпты адам киімін қолына ілмейді...

Ұрлау барысында қалташы «шымылдығымен» сөмкені немесе қалтаны қалқалап тұрып қолын сұғады. Осылайша оның не істеп жатқанын өзгелер байқамайды. Ал қыс мезгілінде қалташылар қолғап кимей, қолын шалбардың қалтасына салып жылытады. Осылай жасаған жағдайда қолдары қимылдауға икемді болады. 

Жалғасы бар...

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай