- Негізгі бет
- Психология
- SMS ол туралы...
SMS ол туралы не айтады?
Бүгінде SMS – қарым-қатынас жасаудың ең танымал әрі қолжетімді түріне айналды. Әрбір секунд, минут сайын әлемнің бір бұрышындағы адамның екінші бұрыштағы адамға деген сезімін жеткізетін сиқырлы SMS-тің ерекшеліктері көп. Соның бірі – жігіт туралы бірнеше ақпарат бере алатындығында. Қалай дейсіз бе?
Мысалы:
Егер ол сізге жазса, сіз оған жауап қайтарсаңыз және осымен сөйлесу аяқталса...
Ол әрдайым өзгенің назарына және қолдауына зәру. Ол өмірден не қалайтындығын, өзіне не керек екендігін әлі білмей жүр. Бір сөзбен өмірден өз орнын таппаған десе де болады. Бұл жігіттермен бір мәмілеге келу қиын.
Бөлініп келетін "сериялы" SMS-тер...
Екі ғана жауабы бар: ол сізге ғашық немесе ол зерігіп жүр, оған жай ғана мыжыма әңгіме айтқан ұнайды. Жазысуларыңыздың қалай басталатындығына назар аударыңыз ("Сәлем, қалайсың?" немесе "Мазаңды алып жатқан жоқпын ба?"). Сондай-ақ, SMS легі тым ұзақ болмауы керек. Бұл – мазасыз адамның белгісі.
Тек қана SMS арқылы сөйлессеңіздер...
Әрине, SMS деген жақсы, алайда, ерте ме, кеш пе телефон арқылы сөйлесіп, сырласып, кездесу уақытын белгілеу керек емес пе? Егер ол осыған келгенде "тежеліп" жүрсе, қыз баласына деген сенімінде қиындықтар бар деген сөз.
Басты айналдыратын әдемі сөздерді жиі жазса...
Қыздарға әдемі сөйлейтін жігіттер ұнайды. Осындай сөздерден кейін екі бетіңіз дуылдап, өзіңізді әдемі сезіне бастайсыз. Енді бір қыздар сөздерінен-ақ ес-түссіз ғашық бола бастайды. Абай болыңыз! Әдетте, жүргіш жігіттер осындай сөздерді жиі айтады. Тура осындай хаттарды сізбен қатар 5-6 қыздың алып жатпағандығына кім кепіл? Оның қандай ойы бар екендігін біліп алғанша, жылы сөздерге байланып қалмаңыз.
Барлық SMS-ке жауап келмесе...
Егер ол сіздің үш хатыңыздың біріне ғана жауап берсе немесе уақытында жазбаса, ол табиғатынан еркіндік сүйгіш адам немесе сізге деген қызығушылығы жоқ. Сол себептен де, алтын уақытыңызды оған жұмсаудан аулақ болыңыз.
Хаттарыңызға мүлдем жауап келмесе...
Ол сіздің тағдырыңыз емес. Лыпылдаған үмiтіңізді біржола сөндіріңіз де, мүлдем хат жазбаңыз...
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: loveradio.ru, massaget.kz