- Негізгі бет
- Психология
- Жігітке мынадай смс...
Жігітке мынадай смс жіберуші болмаңыз!
Жігіттің ызасын келтірудің қаншама амалы бар. Олардың ең оңайы - ғашығыңызға орынсыз смс жазу. Ал сүйіктісінің көңілін бағып, ренжіткісі келмейтін қыздарға кеңес: жігітіңізге мынадай смс-тер жіберуші болмаңыз:
"Мені сүйесің бе?" Белгілі нәрсені сұрап не істейсіз? Айтылмаған сөздерді жігіттен смс-пен тартып шығару - жақсы ой емес. Ал егер ол жауап бермесе, бұны қайта сұрауға батылыңыз бара ма? Сондай-ақ жігіттер үшін телефон - күнделікті қарапайым байланыс құралы. Олар қыздар сияқты телефонына суреттер жинап, әдемі смс жазып, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешпейді. Сондықтан бұл сұрағыңызға қанағаттанарлық жауап аламын деп күтпеңіз.
"Отырыс қалай өтіп жатыр? Не қызық бар?" Жігітіңізге сирек болса да, демалыс беріп тұрыңыз! Достарының арасында сізге әр минут сайын қоңырау соқпай, уақытын көңілді өткізуге мүмкіндік беріңіз. Бұндай сұрақтарға тап болған жігіт, сіздің оған сенбейтіңізді сезіп, келесі жолы достарымен жиналғанда, басқа шаруалармен кеттім деп өтірік айта салады.
"Маған енді смс жазушы болма! Бәрі де бітті!" Құрамында "ешқашан" сөзі бар смс-терді ешқашан жібермеңіз! Ашу үстінде жазылған сөздер сіздің нақты ойыңызды жеткізе алмайды. Адамның көзіне тік қарамастан, қаншама ауыр тиетін сөз айтып тастауға болады. Сондықтан ұрсысқыңыз келсе - бетпе-бет ұрсысыңыз. Басқа жағдайда жаныңызға жақын адамнан бір сәтте түсініспеушілік үстінде айырылып қала аласыз.
"Кімді көргенімді естісең, сенбейсің!" Жігіттер өсекке құмар емес деп кім айтты! Алайда олар өсек әңгімелерді тек жігіттер арасында ашық айтады. Біздің көзімізше олар бос сөзді ұнатпайтын, байсалды болып көрінгісі келеді. Сондықтан бұндай смс-ке ол жауап берсе де, сіздің өсекке құмар екеніңізді байқап қояды.
"Мен келісемін!" Жігіттің ұсынысына жауап пен маңызды шешіміңізді смс-пен жазу тіпті дұрыс емес. Бұндай сәттерде жігітіңіздің қасында болғанын қаламайсыз ба? Сондықтан кішкене болса да шыдап, тірідей әңгіменің әсерінен құр қалмаңыз.
"Мх", ")", "Аха" сынды мағынасы да, мәні жоқ смс-тер жазу әдетке айналды ма? Әрине қазіргі технологиялар дамыған заманда, күнделікті смс, электронды пошта, агентпен араласатын кезде қысқартылған сөздер мен қателерге ешкім назар аудармайды. Алайда сүйіктіңіздің көңілінен шығамын десеңіз, мағынасыз "хи-хи, ааа" сынды сөздердің орнына, жинақталған ойы, белгілі бір ақпараттық мағынасы бар, көңіліңіз мен көзқарасыңызды ашып көрсететін бір әдемі смс жазған дұрыс.
Тағы қандай орынсыз смс-тер жібергенсіз/алғансыз?
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова
С. А