«Қашан немере сүйеміз?»: Балалы бола алмайтыныңызды айтудың 4 тәсілі

«Қашан немере сүйеміз?»: Балалы бола алмайтыныңызды айтудың 4 тәсілі
Фото: «Мистер және Миссис Смит» фильмінен стопкадр

Егер сіз қандай да бір себептермен балалы болғыңыз келмейтіні туралы шешім қабылдасаңыз, көптеген адамдар тарапынан түсініспеушілікке тап болатыныңызды жақсы білесіз. Тіпті туған ата-анаңыздың тарапынан да. Оларға өз ұстанымыңызды қалай жеткізуге болады?

«Балалы болу керек, уақыт өтіп жатыр», «Денің сау, жас кезіңде балалы болып ал», «Қашан немере сүйемін?», «Балалы болатын кез келді, өзің үшін қашанғы өмір сүресің»... Осындай сөздер жас отбасыларға көп айтылады.

Мұндай сөзді айтушылар кей ер немесе әйел адамның балалы болуға дайын емес екенін ескере бермейді. Чайлдфри (өз қалауымен балалы болмау туралы шешім қабылдаған) адамдарды мүлдем түсінбейді.

Кей адамдардың денсаулығы бойынша балалы бола алмауы да түпсанасында мұндай қадамға піспегенінің, ал кей психологиялық зерттеулер бойынша, жұбын балаларының әкесі(шешесі) ретінде көрмеуінен болады. Қалай болғанда да  ата-анаңызға балалы болғыңыз келмейтінін түсіндірудің мынадай жолдары бар?

Дайын емес екеніңізді мойындаңыз

Ата-ана атансам деген адамның жауапкершілігі жоғары болуы керек. Ол үшін әлі дайындалғыңыз келетінін айтыңыз. Әлі де пісіп-жетілу туралы шешім қабылдағаныңызды жасырмаңыз.

Өз балалығыңызды еске алыңыз

Ата-ана болу туа біткен қасиет емес, өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасады. Бала бұл тәжірибені отбасынан және сыртқы ортадан алады. Ересек адам бала кезінен алған үлгісіне сүйеніп, оны негізге алады. Баланың отбасыда өзін бақытты және өзгелердің оны жақсы көретінін сезінуі маңызды.
Баланың дүниеге келуін ойлайтын болашақ ата-ананың балалық шағын еске түсіргені орынды. Мен бақытты бала болдым ба, жалғызсырадым ба? Ата-анам өзара бақытты болды ма? Менің әкем мен анамның жүздерінені күлкі көрдім? Әлде анамның көз жасының куәгері болдым ба? Балалық шағыңыздағы оқиғаларды еске түсіре отырып, өзіңізге шынайы жауап беріңіз: менде осындай отбасы үлгісі болғанын қалаймын ба? Егер «жоқ» деп жауап берсеңіз, өз балаларыңыз туралы ойламас бұрын сізде әлі көп жұмыс істеу керек екені анық.

Таңдауыңызды негіздеңіз

Өздеріңіз білетіндей, қажеттілік мотивацияны ынталандырады. Атасы мен әжесінің көңілінен шығу үшін ғана босану немесе қартайғанда бір стақан су беретін адам болуы үшін ғана мұндай қадамға бару әділетсіз екенін айтыңыз. Бала жалғыздықтан құтылудың әдісі де емес. Отбасының сақтап қалудың да тәсілі бола алмайды. Себебі, әйелге деген сезімі жоғал ер адам, оның қасында қалмайды.

Қаншалықты дайын емес екеніңізді көрсетіңіз

Сіз әлі бала түгіл үй жануары немесе терезе алдындағы гүлдерге де күтім жасай алмайтыныңызды түсінсеңіз. Бала күтіміне қатысты жауапкершілікке дайын емес екеніңізді ата-атаңызға айтыңыз. Қабілетіңізге сенімсіз екеніңізді, әлі курстарға барып, жөргектеуден бастап бәрін үйренгіңіз келетінін де ескертіңіз. Ең бастысы, бұл сіздің саналы таңдауыңыз, бұл сізді кінәлі сезінбеуге және ата-анаңыздың алдында «Балалар туралы қашан ойлайсыздар?» деген сайын ақталмауға мүмкіндік береді. Ашық сөйлескеннен кейін ешкім мазаламайды.

А. Оралқызы