Үш тау

Жаздың жадыраған бір жесенбісі. Әкесі мен баласы жайлауға, атасының үйіне барды. Тентек бала үй ішінде арлы-берлі шапқылап жүріп терезе алдынан бір кітап тауып алды. Кітап: «Сарбаздарымыз «Үш үлкен тауды» аударып тастап...» деп басталады екен. Кітап атамның иелігінде ғой, бұл сөздің мәнін сол кісіден сұрайын деп ойлаған бала атасына келді: «Үш тау дегенің – жиһангерлік, феодализм және капитализм» деп жауап берді атасы. Атасының айтқандары таудың аттарына мүлде ұқсамай қалды. Ол қартайды ғой, әкемнен сұрайын деген бала: «Атамның айтқандары тауға ұқсамайды, мұндағы үш тау деген не?» Әкесі қарқылдап бір күлді де, соңынан ойланыңқы кейіпке өтіп: «Үй сатып алу, бала тәрбиелеу мен оқыту және сендердің дендеріңнің саулығы. Үш тау деген осы, мен көтеруге тиісті үш тау осы» деп сөзін аяқтады. Атамның жауабынан гөрі әкемнің жауабы балаға түсініктірек болды. Әкесіне жаны ашыған баласы: «Біздің мектептегі үлкен майданда көп әскерлер жүр, турникке тартылады, жүгіреді. Біздің «Үш үлкен тауды» аударуға соларды көмекке шақырсақ қалай?»

Әкесі назар салған жоқ. «Бар, далаға шығып ойна, ол тауларды аударып тастауға тек ақшаның ғана күші жетеді» деді әкесі. Кейін мұғалім мектептегі жаңа жылдық кешке 500 теңгеден ақша сұратты. Әкесінің сөзі есіне түскен бала одан ақша сұрауға батылы бармады: «Мен туылмаған болсам әкемнің көтеретін бір тауы жоқ болар ма еді...» деп ойлады бала ішінен. Сіздің мойныңызда да көтеруге тиісті бірнеше тау жүрген болар?!

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: voxpopuli.kz