Кез келген сауатты адам білуі керек 9 нәрсе

Кез келген сауатты адам білуі керек 9 нәрсе
Фото: jv.ru

Қазіргі қоғамның парадоксы - ақпараттың көптігінен оған деген қызығушылықтың жоғалуы. Бірақ сол шексіз білім ішінен керегін сүзгіден өткізіп, маңыздысын ажырата білудің өзі оңай емес. Десе де өз өзін сыйлайтын әр адамның қолынан келуі керек қасиеттер бар, олар да осындай білім алудың арқасында игеріледі. Ендеше соларға тоқталып өтейік.

1. Өз ойыңызды жүйелі жеткізе біліңіз

Еркін әрі жүйелі сөйлеу қабілеті әңгімелесушіге өз көзқарасыңызды жеткізуге көмектеседі. Сіздің ортаңызда жиі қолданылатын терминдердің мағынасын білу сізге өзіңізді жайлы сезінуге мүмкіндік береді.

2. Әлемге өзгенің көзімен қарай біліңіз

Кез келген жағдайда сізге этикеттің негізгі ережелерімен қоса, адам психологиясына қатысты біліміңіз сіздің тірегіңіз болуы керек. Адамның мінез -құлқының себептерін түсіну үшін әлемге әңгімелесушінің көзімен қарауды үйреніңіз. Адамдарға құрметпен қарау арқылы сіз айна реакциясын жасайсыз, тіпті өзіңізге еліктеуге бейсаналы түрде ниетін оята аласыз.  

3. Шынайы қызығушылық таныта біліңіз

Әлемнің көп қырлы екенін түсініңіз. Біз кем дегенде бір -екі тәуелсіз дереккөзді оқып, өзімізше қорытынды жасағаннан кейін ғана белгілі бір мәселе туралы өз ойымызды айта аламыз. Сол себепті тақырыпты зерделеу барысында оған шынайы қызығушылық таныту өте маңызды.

4. Ешкімді сынамаңыз

Бұл тіркесті естіген кезде, адам бейсаналы түрде өзгелерді ғайбаттаудан арылу керек екенін ұғады. Әрине, ол өте маңызды. Бірақ адам өзгеден бұрын, өзін сынауды қоюы керек. Идеал адам жоқ. Тек өзін бар болмысымен қабылдау өнерін игерген жан ғана өзгеден кемшілік көрмеуге, кешірімшіл болуға бейім келеді.

5. Өзіңіздің үздік нұсқаңызды жасауға талпыныңыз

Ағылшындарда «Балаларды тәрбиелемеңіздер, олар бәрібір өзіңіз сияқты болады. Сондықтан өзіңізді тәрбиелеңіз!» деген сөз бар. Қалай болғанда да, бала ата -анасының әдеттері мен мінез -құлқын бойына сіңіреді. Өзіңізді жетілдіріңіз, сонда сіз балаңыздың бойына ең жақсы қасиеттерді қалыптастырасыз.

6. Әсемдіктен шабыт алыңыз

Өнердің кез келген көрінісі қиялды дамытады. Және, әрине, бұл бізге әдемілікке үйретеді. Эрудит адам әлемдік әдебиеттің, музыканың, киноның және бейнелеу өнерінің жауһарларын түсінуі керек. Олардың идеялары қай уақытта да өзекті болып қала береді.

7. Біліміңізді жетілдіріңіз

Орта мектептің негізгі мақсаты - білім мен дағдылардың негізін қалау. Бірақ сіз көбейту кестесін, өз еліңіздің тарихын, география мен грамматиканы білуіңіз керек.

8. Гиппократ антын беріңіз

Күнделікті өмірде апаттық жағдайлар орын алып жатады. Әрирне, зардап шегушіні байқаған соң міндетті түрде жедел жәрдем шақырасыз. Бірақ медициналық топтың келуіне кейде 30 минуттан да көп уақыт кетеді. Ал сіз алғашқы медициналық көмек көрсетудің қарапайым дағдыларын меңгеру арқылы өзгелердің ғана емес, өзіңіздің де өміріңізді құтқара аласыз.

9. Өз құқығыңызды қорғауды үйреніңіз

Мемлекеттік заңдар қоғамдағы қатынастарды қалыптастырады. Сондықтан сіз оларды білуіңіз керек. Әрине, нақты жағдайлар мен мәселелермен айналысатын арнайы дайындалған адамдар - заңгерлер бар. Бірақ (мысалы, автокөлікші мәртебесіндеогі адам) әркім өзі үшін күнделікте өмірде керек болуы мүмкін ережелерді білгені абзал.

Бұл тізімді шексіз толықтыруға болады, өйткені әр жаңа күн сізге жаңа «тосын сыйлар» әкеледі, оған сіз дайын болуыңыз қажет. Мұнымен тоқтамаңыз, пайдалы әдебиеттерді көбірек оқыңыз, сонда сіз әлемнің әдемі екенін түсінесіз. Себебі сіз оның мүмкіндіктер мен ғажайыптарға толы екенін көресіз.

А. Оралқызы