Өміріңізді жеңілдеткіңіз келсе...

Өміріңізді жеңілдету сіз үшін шынымен маңызды нәрселерге уақыт табуға мүмкіндік береді. Бұл қадам шығармашылыққа және қиялға уақыт қалдырады.

1. Уақытыңызды қалай қолданатыныңызды зерттеңіз. Өзіңіздің мінсіз апта жоспарын жазыңыз. Оның ішіне жұмыс кестесін, үйдегі міндеттеріңізді, хоббиіңізді кіргізіңіз. Бір апта бойы сол жазғаныңызбен дәлме-дәл жүріңіз. Содан соң жасаған әрекетіңіз бен жазғаныңызды салыстырыңыз. Енді ойланыңыз: "Кестемен дәлме-дәл жүрдіңіз бе?", "Ауытқуға не себеп болды?", "Уақытты не нәрсеге кетіресіз?", "Жасағыңыз келетін нәрседен сізді не алаңдатады?", "Оны қалай өзгерте аласыз?".

2. Кей заттарға "жоқ" деңіз. Уақытыңызға шектеу орната бастағаннан кейін өміріңіздің жеңілдей түскенін байқайсыз. Егер үнемі бос болмасаңыз, кей заттардан себепсіз  бас тартудың да қажеті бар. Әрдайым "иә" деп айтуға міндетті емессіз. Кей заттарға "жоқ" деп, оның орнына не істегіңіз келетінін ойлаңыз.

3. Әмияныңызды үйде қалдырыңыз. Әсіресе, көрген нәрсеңізді ала беретін болсаңыз, ақшаны үйге тастап кетіңіз. Қалтаға тек жолыңызға және түскі асыңызға жететін ақша ғана алып жүрген жөн. Тамақты да өзіңізбен бірге алып жүруді әдетке айналдыруға тырысыңыз.

4. 2 минут медитация жасаңыз. Медитация жасау миды демалтады және сабырлы болуға көмектеседі. Мысалы, көзіңізді жұмып, 1-ден 10-ға дейінгі сандарды ақырын санауға болады.

5. Артық заттарды лақтырыңыз. Үйіңіздегі екеу-үшеуден бар заттардың біреуін ғана алып қалып, қалғанын қорапқа салыңыз. Ол бірдей бірнеше кітап, бірдей ойыншық, бірнеше құлаққап және т.б болуы мүмкін. Содан соң қорапты көзге көрінбейтін жерге (мысалы, балконға) қойыңыз. Бір-екі ай өткен соң ол қораптан ештеңе қолданбаған болсаңыз, заттарды біреулерге таратып беріңіз.

6. Ұсақ-түйектерге мән беріңіз. Сізге шынайы қуаныш сезімін не әкеледі? Немен шұғылдансаңыз өзіңізді тыныққандай сезінесіз? Демалыс күндеріңізді шулы, тынымсыз сауда орталықтарында өткізуді шынымен қалайсыз ба? Айналадағы ұсақ-түйектерге мән беріңіз. Мысалы, отбасымен саябақта серуендеу кезінде пішіні ерекше тастар жинап көріңіз.

7. Маңызды шараны жоспарлаңыз. Өзіңіз үшін не маңызды екенін ойланыңыз. Мүмкін болса, сол нәрсені аптаның барлық күндеріне жазып қойыңыз. Мысалы, егер сіз үшін физикалық белсенділік маңызды болса, мынадай кесте құруыңызға болады: дүйсенбі мен жұма – жүзу, сейсенбі мен бейсенбі – жаттығу залы, сәрсенбі және сенбі күндері – серуендеу.

8. Кедергісіз аймақ жасаңыз. Ол бастапқыда шкафтың бір ғана сөресі немесе компьютерлік үстелдің үсті болуы мүмкін. Сол жерді артық заттан босатыңыз, ретсіздікке жол бермеңіз. Содан соң жайлап ары қарай жылжыңыз. Мысалы, жатын бөлме, қонақ бөлме немесе асүйді жинастырыңыз. Айналаңыздың таза әрі жинақы болуы біраз уақыт үнемдеуге көмектеседі. Мысалы, іздеген затыңыз жылдам табылады. 

9. Пайдасыз әдеттерді ұсақ-түйек әдеттермен ауыстырыңыз. Қандай әдеттер сізге пайдасын тигізбейді? Қандай нәрсе уақытыңызды алады? Сол әдетті қарапайым пайдалы іспен алмастырыңыз. Мысалы: кешкісін әлеуметтік желіде отырудың орнына ванна қабылдаңыз, саябаққа серуендеп қайтыңыз, кітап оқыңыз және т.б.

10. Қайталана беретін міндеттерді жеңілдетіп қойыңыз. Мысалы: әріптестеріңізге жиі жіберетін хаттың үлгісін дайындап қоюға болады.