Сүйікті түсіңіз сіз туралы не айтады?

Сүйікті түсіңіз сіз туралы не айтады?
Фото: pixabay.com

Әр түстің өз мағынасы мен мінезі бар. Олар біздің өмірімізге сіз ойлағаннан да көбірек әсер береді. Әр түс пен реңк қандай да бір сезіммен, ойман сәйкестендіріледі. Қандай түсті киімді жиі алып киесіз? Қай түс жаныңызға жақын? Ендеше, оның сіз туралы не айтатынын біліңіз.

Әлсіз алқызыл түс

Мұндай тұлға құштарлық пен нәзіктік арасындағы тепе-теңдікке бағытталады. Қамқор, басқа адамдардың қажеттіліктеріне сергек қарайды, күшті аналық түйсігі бар. Алайда өзіңіздің романтикалық ойлауыңызды ашық жарияламайсыз, сезім білдірудің әсем мәнерлі түрлерін жөн көресіз. Әлсіз алқызылдың тәтті және жылы шырайлы табиғаты кей уақытта пайымдау кезінде аңқаулыққа айналады. Сонымен қатар, сіз айналадағы адамдардың көмегіне жиі жүгінесіз, өзіңізге сеніп, өз күшіңізге жүгінсеңіз жақсы болады. Бағалы артықшылығы – керемет ұйымдастырушылық дағдысы. Күтіммен байланысты жұмыс немесе оқытушылық қызмет – сізге арналған қолайлы іс.

Тұлғаны сипаттайтын сөздер: қонақжай, қолы ашық, жылы шырайлы, мейірімді, әдісқой, аңқау, қамқор, романтикалық.

Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Алқызыл өршіл және аусар мінезді адамға өте жұмсақ және шектеулі көрінуі мүмкін. Бұл реңкті жігерлі адамдар өз өмірінен алып тастайды. Жоспарлау сіздің мықты жағыңыз болып табылмайды.

Қызыл

Сіз өз сезіміңізді ашық білдіресіз және жиі ойланбай жеке ойыңызды айта саласыз. Жиі аңдамай әрекет етесіз, бірақ сіздің лезде «жауынгерлік дайындығыңыз» бен шыдамсыздығыңыз мақсатыңызға қалай болса да жетуге көмектеседі. «Қызыл тұлға» қандай да бір шешім таңдауда соза бермейді. Мұндай адамдар әдетте зор физикалық күшпен, шексіз энергия қорымен және өмірге құштарлықпен бөленген.  Кез келген істе достарыңыз бен туыстарыңыз сізді «пионер» деп санайды: сіз күтпеген жағдайды жақсы көресіз, жаңа нәрсені көруге қорықпайсыз және таныс емес жолда батыл әрекет етесіз. Мансабыңыз қаржы, кеңес беру немесе мүлік басқару саласында сәтті болуы мүмкін.

Тұлғаны сипаттайтын сөздер: агрессиялық, табанды, батыл, бәсекеге қабілетті, шыдамсыз, қызба, күшті, оптимист, құмар.

Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Қызыл – жоғары энергетикалық түс, егер сіз дәл қазіргі уақытта бұл түсті өзіңізге «жібермесеңіз», ол аурумен, күйзеліспен байланысты немесе жай тыныштық пен достыққа деген қажеттілікті білдіреді.

Сары

Бақыт пен позитив шашатын тұлға, сол үшін бұлыңғыр күні күнге секілді оған айналасындағы адамдар тартылады. Сары шығармашылық болмысты ашады. Оның басында әрдайым керемет жоспарлар болады, бірақ оны орындауға әркез кірісе бермейді. Ол үшін мұндай идеяларын командаға айтып, салмақты ең жауапты достарына немесе әріптестеріне берген ыңғайлы. Алайда, бұл оның жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау дарынын жоққа шығармайды. Сіздерден мықты сыншы шығады. Зияткерлік қасиеттеріңіз жиі физикалық күшіңізді басып өтеді. Сіздерге маркетинг, жарнама саласында жұмыс жасаған жақсы келеді.

Тұлғаны сипаттайтын сөздер: жылы шырайлы, шығармашыл, тәуелсіз, өткір, ақылды, қырсық.

Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Егер сары түсті ұнатпасаңыз, кенеттіктен толқи бастайсыз, кез келген өзгеріспен баяу әрі әрең келісесіз.

Көгілдір

Екпінді көгілдірге қоятын адам «компанияның жаны», оны қоршаған адамдар сіздің қызықты, достық және кішіпейіл ортаңызбен рахаттанады. Бір түсте екі реңктің үйлесімі өз таңбасын қалдырады: сізде жасылға сәйкес басқалардың қамын ойлау және көктің саналы табиғаты бар. Сіз тіке және жүректен айтуға үйренгенсіз, өміріңізде теңдік жасауға тырысасыз және жалғыз қалғанды ұнатпайсыз. Сіз анық және логикалық ойлайсыз. Сізден командаға күш беретін және үлгі болатын жақсы менеджер шығады.

Тұлғаны сипаттайтын сөздер: сүйкімді, идеалистік, ұйымдастырушылық, өзіне сенімді, толыққанды, сезімтал.

Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Сыртқы әлемнен жабық және сезімін ешқашан сыртқа көрсетпейді.

Қызғылт-сары

Жалпы зейін кезінде гүлденетін мереке-адам. Ол әрдайым сұқтануды талап етеді. Қызғылт-сары түс – қызыл мен сарының үйлесімді қосылысы болғандықтан, сіз бір уақытта табанды және достық болып келесіз. Мұндай адамдар кез келген салада тәуекелге жеңіл барады. Беріктік пен адалдық олардың мықты жағы емес. Олар әрдайым жаңа затқа, әсерлі оқиғалар мен күтпеген танысуға бағытталады.

Тұлғаны сипаттайтын сөздер: тұрақсыз, достық, оптимист, шыдамды, авантюристік.

Егер бұл түсті жақсы көрмесеңіз: Тұйық, өзін тек шағын адамдар тобымен жайлы сезінеді. Әлеуметтік міндеттер мен көп адамның зейіні сізді әбіржітеді. Сынды жек көресіз.

Жалғасы бар...

А. Жапатова