Мінез туралы ғылымдар

Мінез туралы ғылымдар
Фото: mirprognozov.ru

Мiнез құбылысын зерттейтiн ғылым характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мiнездер типiн саралап, адамның əртүрлi өмiр жағдайларындағы əрекетқылығын болжастыру мақсатында əрқандай мiнез сипатын нақтылаумен шұғылданып келдi. Адамның тума емес, өмiр барысында қалыптасатын белгiсi болғандықтан, мiнез типтерiн жiктеу көбiне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негiзделедi. Осы бағытта ежелден өрiстеп келе жатқан, мiнез танып, əрекетқылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша түсiнiк:

Жұлдызнама (гороскоп) адам мiнезiн туған күнiмен байланыстырып түсiндiредi. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдерi белгiлi кезең, аралыққа бөлiнедi, олардың əрқайсысына нақты белгi, символ берiледi. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тəн əртүрлi қасиеттерге орай адам мiнезi суреттеледi. Мысалы, кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкiмдi, ақ жарқын, кеуiлшең т.б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндерi туылғандар таутеке, яғни мұндайлар өжет, тұрақты, төзiмдi, тұйық, сыршыл келедi.

Физиогномика(phisis табиғат, gnomon бiлу) адамның сыртқы келбетiне жəне сондай келбеттi тұлғаларды ұқсастығымен белгiлi топқа бiрiктiрiп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бiтiстерiне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тəн мiнез ерекшелiгi оған таңылады. Мысалы, Аристотель пiкiрiнше, адамның мұрын танауы өгiздiкiндей жуан да қалың болып келсе, ол ерiншектiк белгiсi; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын ақымақтық; қой, ешкi жүнiне ұқсас шашты адам үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тiке шашты адам ержүрек, батыл ж.т.б.

Адамның басқа да келбет көрiнiстерi (көз, ауыз, отырыстұрыс т.б.) негiзiнде мiнездi байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған.

Хиромантия (сһеіг қол, тапііа бал ашу) адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.

Дерматоглифика бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.

Графология мəнерлі əрекет жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым.

Дереккөз:malimetter.kz

Т. Есқали