Қызыл түстің тәбетті ашатыны рас па?

«Қызыл түс тәбетімізді ашады». Сіз осындай түсінікті естіген боларсыз. Бірақ, бұл туралы ғылымда қандай дерек бар? Ғалымдар не дейді? Бір сәт ойланып көрдіңіз бе?

Тепе-теңдікті сақтау үрдісіне қатысатын құлақ секілді, көзде екі түрлі қызмет атқарады. Жарықсезгіш жасушалар біз көріп отырған бейне жасақталатын мидың көру аймағына белгі береді. Ал, одан бөлек толы қабақтың ганглиозды жасушалары мидың ортаңғы бөлігі – гипоталамусқа жеткізуші белгі жарыққа жауап береді. Оның нәтижесінде ешқандай бейне көз алдымызға келмейді.

Гипоталамус – гормондардың секрециясына жауапты мидың маңызды бөлігі. Таңғы жарықтың селбесуі (көк және жасыл түстердің түрлі реңкі) денемізге кортизолдың бөлінуіне әсер етеді. Нәтижесінде, біз ұйқымыздан оянамыз. Кешкі уақытта күн сәулесіндегі көк түс кеміген соң қанға мелатонин бөлініп, ұйқымыз келеді.

Гипоталамус пен көзді көру аймағын байланыстырушы торлы қабықтың жасушалары спектрдің қысқатолқынды түстеріне (көк және жасыл) сезімтал. Бұл түс адамның көңіл-күйіне, жүрек соғысына өзге де эмоцияға әсер ететінін дәлелдейді.

Стивен Уэстланд, Лидса Университетінің қызметкері, зерттеуші:

«Университетіміздегі түстердің адамның жағдайына қалай әсер ететін зерттеу орталығының басшысымын. Бұл түстер жүйесі Ұлыбритания үшін бірегей: бөлмені белгілі бір өлшемге сай келетін түсті жарық толқынымен толтырамыз. Соңғы зерттеу жұмысы нәтижесі сәтті аяқталды: қызық түс жүрек соғысын жеделдетеді, ал көк түс, керісінше, оны баяулатады. 2009 жылы Токио-дағы Яманоте теміржол бойындағы жарықтарға көк түсті шам орнатқан. Бұл суицидке баратындардың саны азайтады деген тұжырым нәтижесінде жасақталған. Шынымен, көрсеткіш 74%-ға төмендеген».

Шынымен, түстер адамға қалай әсер ететінін ойлап көрдіңіз бе? Тіпті, киіміңіздің түстері де көңіл-күйіңізді білдіреді. Сондықтан, жарқын өміріңізді бейнелейтін ашық түстердің әлеміне сапар шегіңіз.