Сізге кедергі 3 тіркес

Біз өзімізге жиі өтірік айтамыз. Өйткені, сол өтіріктер бізді келеңсіздіктерден құтқарып, қателіктерден ақталып шығуға мүмкіндік береді. Бірақ, мұныңыз қателік екенін сезіп отырған боларсыз.

1. «Маған керек...»

Біз бақытты болу үшін қолымызда керекті дүниенің барлығы бар екеніне күмәнмен қараймыз. Әрдайым өмірімізге жаңа өзгеріс пен жеңіс керек болады да тұрады. Бұл – адасу.  

Біз жетістікке жеткен сайын, өмірден ләззат алуымыз төмендей түседі. Сондықтан, өзіңізге бүгінгімен өмір сүру керектігін ескертуден жалықпаңыз. Сәттілік сіз өзіңіз сүйетін іспен айналысқанда ғана сергіңіз болады.

2. «Адамдар тиісті...»

«Мен неге лайықтымын?» Дәл осылай өзіңізден сұраңыз. Сіз бақытты болуға тиістісіз. Бірақ, неге?

Біз тек өзімізге ғана мән береміз. Бәріміз бақытты, сүйікті, бай болуға тырысамыз. Бірақ, сіздің айналаңыздағы адамдар сізге ештеңе беруге тиісті емес. Сіз бәріне қол жеткізу үшін соған лайықты болуыңыз керек.

3. «Менің қолымнан ешнәрсе келмейді...»

Бұл тіркесті мүлде ұмытыңыз. Бұл – өзіңіздің еріншек екеніңізді мойындамау үшін қолданатын тіркес қана. Сондықтан, алдымен тырысып көріңіз. Одан ештеңе шықпаса, тағы да жұмыстаныңыз.