Әлем заңына бағынасыз ба, жоқ па?

Егер сізді біреу қатты ренжітсе, бұл тегіннен-тегін болған нәрсе емес. Демек сіз де біреуді қатты ренжіткенсіз. Бұны атам қазақ: "Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді" деп түйіндеген. Бұл – әлем заңы. 

Егер сіз әлем заңын сақтасаңыз, өміріңіз нұрлана түспек. Жақсы сөзіңіз, жақсы ісіңіз сізге жақсылық болып оралса, жаман сөзіңіз бен жаман іс-әрекетіңіз алдыңыздан екі есе болып өзіңізге қайтып келеді. 

Қарап отырсақ, әрбір елдің өзіндік Конституциясы, Ата Заңы болады. Заңды бұзғандар қатаң жазаланса, заңды бұзбағандар емін-еркін өмір сүреді. Әлем заңы да дәл сондай. Әлем заңын бұзғандардың басынан қиындық арылмайды. Сондықтан кез келген жағдайда жақсы ойлауға, жақсы сөйлеуге тырысыңыз, шарапаты мол ізгі істерге ұмтылыңыз. 

Әлем заңы мен өзіңіздің әрекетіңізді жақсылап саралауға мына үш сұрақ көмектеседі:

1. Соңғы айда туған-туысқаныңызбен, достарыңызбен, бейтаныс адамдармен сөзге келіп, жанжалдастыңыз ба?

2. Соңғы айда жұмыстастарыңызбен ренжістіңіз бе?

3. Соңғы айдағы сіздің іс-әрекетіңіз:

а) сізді қоршаған адамдарды көп ренжітті;

ә) сізді қоршаған адамдарға қуаныш әкелді. 

Әр сұрақтан кейін "Неге?" деп сұраңыз. Жақсы жаққа өзгерсеңіз, әлем заңына сәйкес, сізге жақсылық пен игілік адамдар арқылы, мүмкіндіктер мен қызықты ұсыныстар арқылы үйіліп келеді.