Адамзатты сыйлайтын асыл қасиеттің ең шыңы – әйелді түсіну

Адамзатты сыйлайтын асыл қасиеттің ең шыңы – әйелді түсіну
Фото: Фильмы Бесплатные.ком

Адамның ішкі мәдениетін әйел затына деген көзқарасынан аңғаруға болады. Ізгілік, сезімталдық, нәзіктік, жанқиярлық, батылдық, адалдық, адамдық секілді ардақты қасиеттердің бәрі де әйелге қатысты қарым-қатынас нәтижесінде шыңдалады. Әсіресе, ерлер қауымы үшін әйел рөлінің маңызы зор. Өмірге әкелетін – әйел, тәрбие беретін басымдық рөл – әйел, мектептегі ұстаздар қауымының да басым бөлігі – әйелдер қауымы. Кейін отбасылық өмірде де әйелге тәуелділік жалғасын тауып кете береді. Адамды, адамзатты сыйлайтын асыл қасиеттің ең шыңы – әйелді түсіну.  

Ер адам әйел затын ақылына, біліміне ғана бола сүйеді десек, онымыз шындыққа жанаса ма?! Сұлулығына, әйелге тән нәзіктігіне қарайды десек ше?! Сүю сезімі абсолютті тұрғыда барлығының болғанын қалайды. Әйел адамды сүюден бұрын түсіну керек. Өзін сыйлаған, түсінген жанға әйел адам қашанда адал дос, қамқор әпке, ілтипатты қарындас қалпын сақтай алады. Әйелді түсіну үшін не істеу керек?

1. Өтірік айтпауға тырысыңыз. Әйелдер алданғанды жек көреді.

2. Көңіл бөліңіз. Әйел жаны тым нәзік. Кішкентай тосынсыйдың өзі жанын жадыратары сөзсіз.

3. Еркелетіңіз. Жас шамасы еркелік жолында қарсы тұра алмайды.

4. Оның жанында мықты болыңыз. Қорғансыз емес екенін түсінсін.

5. Дауыс көтермеңіз. Әйел заты көңілге тез алады. Түсіндіруге тырысыңыз.

6. Сыйлай білу мен сүйе білуді шатастырмаңыз.

7. Кез келген әңгімесін ерекше ынтамен тыңдай біліңіз. 

8. Өзіңізге тәуелді болсын десеңіз, аялаңыз.

9. Пікірімен санасыңыз. Қажет жерінде әйел адамның ақылына жүгініңіз.

10. Ең бастысы, шынайы да шексіз сүйіңіз.

Ә. Жутаева