Сіз қандайсыз? Психологиялық тест

Суретте көрсетілген түрлерден жаныңызға жақын, көзіңізге жылы ұшыраған бейнені таңдаңыз. Сурет нөміріне сәйкес мәтінді оқып, өзіңізді таныңыз.

1. Сіз еліктіргіш адамсыз. Нағыз шынайы да пәк махаббаты армандайсыз. Оны ешқашан таппаймын ба деген уайымыңыз да бар. Алаңдамаңыз, ниетіңізге сай адам жолығарына сеніңіз. Өмірге құштар, аса жайдары жансыз. Бірақ жүрегіңізде сезім сергелдеңі салған тыртықтар бар. Адамдармен араласқанда кез келген кісіні түсінуге тырысып, оның орнына өзіңізді қойып көресіз. Қарапайым әрі тіл табысқыштық қасиетіңізбен басқаларды бірден баурап аласыз.

2. Тиянақты әрі тұйық адамсыз. Сырт көзге жолы болғыш, бақытты жан боп көрінесіз. Бір көргенде бәрі жақсы көрінер. Сіздің ойыңызды оқу қиын, барлығын санада сараптап атқарасыз. Ішкі сезімдеріңізді сыртқа білдіргіңіз келмейді. Нағыз кемелденген тұлғасыз десек те болады. Өзгелерден үйренеріңіз де, үйретеріңіз де көп. Қоғаммен тығыз байланыстасыз, өзіңізге мұқтаж жанға қол ұшын созуды борышыңыз санайсыз.

3. Адам түсініп болмайтын, ұстамсыз адамсыз. Бөлмедегі ең жарық шамсыз. Өмірде ешқашан тоқтамайтын моторсыз. Басыңыз тың идеяға тұнып тұр. Ішіңізде үнемі үзіліс пен қарапайым жағдай жарысып жүреді. Барды бар күйінде қабылдай алмайсыз.

4. Ашық әрі ақылды. Жақсы кітап оқудан ләззат аласыз. Өзге әлемге енген сізге өте ұнайды. Тереңнен ойланатын, көмбіс адамсыз. Жаңалықтар мен жаңа ойларға жаныңыз ашық. Әдепті де әділ жан деген сипаттама да сізге тән. Сіз үшін өмірдегі ең бастысы – өзіңіздің алдыңызда, арыңыздың алдында таза болуыңыз. Дүниетанымыңыз кең, тәуелсіз, ақылды адамсыз. Өзіңізді өте мақтан тұтасыз, бірақ тек іштей ғана, сырт көзге мұны байқатпайсыз.

5. Уайымшылдық әрі жолы болғыштық қасиеті қатарынан бір бойыңыздан табылады. Сезімтал, инабатты, парасатты, қайырымды жансыз. Әлемге бір мысқал болса да жақсылық жасауға ұмтыласыз. Әр күннен толықтай пайда алу – мақсатыңыз. Әлемді өзгерту қолыңыздан келмегенімен, өзгелердің өмірін өзгерте білесіз. Үнемі жолыңыз болады.

Жалғасы бар...