Күлімдеу – шығынсыз келетін олжа

Күлімдеу – шығынсыз келетін олжа
Фото: amur.kz

– Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі. 

– Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы. 

 Күлімдеу: өздігінен берілмейінше, ешкімнің кәдесіне жарамайды. 

 Күлімдеу: аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады. 

– Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді. 

 Күлімдеу: берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние. 

 Күлімдеу: сатып алынбайды, өтініп, сұрап алынбайды. 

 Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес. 

 Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз. 

 Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді. 

 Күлімдеу: өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті. 

 Күлімдеу: сол сәтті нұрландыру деген сөз. 

 Күлімдеу: өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз. 

 Күлімдеу: бақытты және рахат өмір сүрудің кілті. 

 Күлімдеу: көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір. 

 Күлімдеу: ең арзан және ең қадірлі сыйлық. 

 Күлімдеу: адамның рухында ашылған гүлдердің айналамызға сүйіспеншілікпен берілуі. 

 Екі адам арасындағы ең қысқа байланыс – күлімдеу. 

 Шаршаған адамның мауқымын басады, үмітсізге шаттық сыйлайды. 

– Кейбір адамдар күлімдей алмайды. Ондайларға сіз күлімдеңіз. 

– Күлімдеудің ешқандай материалдық шығыны және физикалық ауыртпалығы жоқ. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі.

Дереккөз: anabol.kz

Г. Берік