Ақылды адам табысты бола бермейді

Жолы болмай, үнемі сәтсіздікке ұшырап жүретін жандар өзгелерге қызыққыш келеді. Кейбірі өзінің сәтсіздігін сеніммен байланыстырып қояды. Мысалы, «9» деген сан – мен үшін сәтсіз сан, маусымның тоғызы күні жолға шықпаймын» дейтіндер достарыңыздың қатарынан табылатын болар. Өзгелерді қызықтырғысы келетін, жалған сенімдерін айналып өткісі келетін жандарға мына кеңесті ұсынамыз.

IQ-ге қарағанда практикалық жұмыс пайдалырақ

IQ көрсеткіші бірдей табысты адам мен жолы бола бермейтін адамдардың айырмашылығы неде? IQ көрсеткіш, білім, сана, таным секілді дүниелерді өмірде тәжірибеде қолдана білсе ғана адам жетістікке жете алады. Мұны көлікті алып қойып, көлікпен жүрмеу деген ұғыммен салыстырып алсаңыз да болады. Таным мен білімді көрсете алатын жер, бұл – отбасы.

Көз алдыңызға елестету үшін мына мысалды келтірейік. Малкольм Гладуэлл есімді зерттеуші екі адамның өмірін салыстырыпты. Бірі белгілі физик, ядролы қарудың негізін қалаған Роберт Оппенгеймер мен әлемдегі ең ақылды, IQ-і 195–210 арасындағы көрсеткішке жеткен Крис Ланганның өміріне талдау жүргізген.

Роберт Оппенгеймердің өмір жолы. Ол сурешті мен кәсіпкердің баласы. Бұл екінші адамға қарағанда Роберт Оппенгеймердің артықшылығы болатын. Себебі, көптеген ортаға ата-анасы арқылы танылған. Ең қызығы университет қабырғасында жүргенде оқытушыны уламақшы болған Роберт Оппенгеймерге басшылық тарапынан жаза қолданылмаған. Сынақ мерзімін беріп, психиатрға емделуге жіберген. Бұл деректер оның ғылым жолында көтерілуге кедергі болмаған. Тіпті, әскери мақсатта атом бомбасын жасау жобасының жетекшісі атанған.

Зерттеуші екінші адам – Крис Ланганның өмір жолынан зерде (интеллект) әлеуметтік жағдайсыз жетістікке жеткізбейді дегенді түйген. Себебі, Крис жарлы, көпбалалы отбасыдан шыққан, өгей әкесінің соққысын жеп жүірп өскен. Жастайынан ешкімге сенбей өскен ол ешкімге мойынсұнғысы келмеген, өз-өзімен өмір сүрген. Көптеген сабақтан мұғалімдерінен де алғырлық танытып, олар шеше алмаған есептерді шешкен, бірақ бұл ерекшелігі оған жетістік әкелмеген. Неге десеңіз, осы қасиеті үшін оны ешкім ұнатпайтын, адамдармен жиі сөзге келген. Соның нәтижесінде университеттен шыққан, төмен жалақыға қызмет атқарған. Зерттеуші  осы зерттеуін жазып жүргенде Крис Ланган ауылда тұрып, ғылыммен айналысқан, бірақ зерттеулері еш жерде жарияланбаған.

Демек, мидағы барлық ақпаратты, келіп тұрған сәтті, өтіп жатқан уақытты жіберіп керек. "Қолыңнан келсе, қонышынан бас" демекші, барды уақытында жүзеге асыра алу керке. Ақылды адамдар да табысқа жете бермейді. Бар ақылды өзгемен бөлісіп, оны пайдасына жарата білген адам табысты әрі жетісті көп көретін болады.