Балаңызбен сөйлесе аласыз ба? Тест

Балаңызбен қарым-қатынаста төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:

1. Саған қанша рет қайталап айтамын.  2 

2. Маған ақылыңды айта қойшы.  1

3. Мен сенсіз не істер едім!  1

4. Сонша кімге тартқансың!  2

5. Сенің достарың қандай тамаша адамдар!  1

6. Түу, кімге ұқсағансың!  2

7. Мен сенің кезіңде ...  2

8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой!  1

9. Сенің достарың өзі қандай адамдар...  2

10. Сен тегі не ойлап жүрсің ?!  2

11. Сен менің ақылшымсың!  1

12. Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың ...  1

13. Басқаның баласы бала сияқты да, ...  2

14. Сен қандай ойлап тапқышсың!  1

Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз. Әрине, сіздің қандай ата-ана екеніңізді сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек Сізге ой салуға ғана беріліп отыр.

7–8  ұпай - Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.

9–10 ұпай – Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді сыйлағанмен әрқашан Сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлар мен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.

11–14  ұпай – Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа мүмкіндік береді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.

Дереккөз: anabol.kz