Әр жігіт білуі тиіс қағидалар #2

Нағыз ер жігіттің өмірлік ұстанымдары қандай? Оны табысты, сыйлы ететін қағидалар бар ма?

Басы

19. Қарыз бергенде қандай сомадан айырылуыңыз мүмкін екенін іштей есептеңіз. Себебі досыңыздың, жақыныңыздың қарызды қайтаруы екіталай екені сізге мәлім.

20. Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз.

21. Жұмысқа арналған киімнің бірнеше үлгісі үнемі сақадай сай болуы керек.

22. Тек жоғары сапалы құрал-сайман сатып алыңыз.

23. Ер адам өзін де, өзгені де қорғай білуі керек.

24. Қандай көңіл-күйде болсаңыз да, көшеде келе жатып, аяқ астына емес, тура алдыңызға қарап жүруіңіз керек.

25. Күмәнданып тұрсаңыз да, табысты, пайдалы болатын істен бас тартпаңыз.

26. Егер бөлмедегі ең ақылды адам сіз болсаңыз, демек бөлмені шатастырып алдыңыз.

27. Фортуна атты сәттілік символы өзін күтуге дайын адамдарды ғана таңдайды.

28. Нәзік жандылар өзіне, ертеңіне сенімді жігіттерді ұнатады.

29. Өз ісіңіздің шебері, мамандығыңыздың майталманы болуға ұмтылыңыз.

30. Жаттығу, жүгіру, спортпен айналысу сізді сенімді әрі тәртіпті етеді.

31. Жалақыңыздың бір бөлігін жинауға тырысыңыз.

32. Ата-анаңызға ең болмағанда аптасына бір рет хабарласып, халін сұрап тұрыңыз.

33. Резеңкесі бар галстук тақпаңыз.

34. Қол алысқанда қолды қатты қысуға болмайтынын ұмытпаңыз.

35. Сүйіктіңіздің шаш үлгісін, түрін, киімін, аяқ киімін мақтауды әдетке айналдырыңыз. Сонда кешкі асыңыз күндегіден дәмдірек болады. Алайда бұл тағам үшін емес, екеуара қатынастың жақсаруы үшін жасалуы керек.

36. Егер өзіңізге сенімді болмасаңыз, мұны көрсетпеңіз. Уақыт өте келе бұл қасиет те қалыптасады.