Таңдаудың уақыты

Таңдаудың уақыты
Фото: Данияр Шаймергенов

Кез келген адамның өмірінде таңдау жасау керек уақыт болады.

Мұндай жағдайда біз бар құндылықтарымызды, бағалайтын, жақсы көретін, дұрыс деп білетін нәрселерімізді еске аламыз. Себебі таңдау жасауда біреудің емес, тек өзіміздің шешіміміз маңызды, бағалы болады. Тек өзіміздің шешіміміз шындықты айғақтайды.

Таңдау жасайтын кез – ең ауыр деп саналады. Себебі шешім қабылдаған соң артқа шегінерге жер табылмайды.

Кейде шешімді тез арада, бір мезетте қабылдау керек болатын жағдайлар туындайды. Сонда сіз ішкі дауысыңызға сеніп, дұрыс шешім табуыңыз керек. Әйтпесе біреу сіздің орныңызға таңдау жасап, бүкіл өміріңізді өзгертіп жіберуі мүмкін.

Сол себепті ешқашан таңдау жасаудан қорықпаңыз. Бұл сіздің өміріңіз. Оны өз ойыңыздағыдай өткізуге талпыныңыз.

Ф. Абилова