Көптің көңілінен шығу үшін – 2

Көптің көңілінен шығу үшін – 2
Фото: amur.kz, Қуат Біләлов

Адам өзінің болмысы мен бойын көптің көңілінен шығу үшін емес, дұрыс адам болу үшін түзеуі керек. Сонда өзіне де, өзгеге де ұнайды.

Басы...

Адамдармен тең қарым-қатынас орнатуымыз керек. Адамдардың әлеуметтік тобы мен атақ-дәрежесіне қарамай, тең түрде қарым-қатынас орнатуды әдетке айналдыруымыз керек. Көздегеніміз көк ақша емес, адамгершілік болсын.

Үнемі жарқын жүзді болуымыз керек. Адамның бет-әлпеті жадырап, жүзі тартып тұрса, біраз істің оң шешімін табуға болады. Күлімдеген жүзі бар адаммен келісу де, сөйлесу де жағымды екені рас қой?

Құпияға берік болуымыз керек. Отыз тістің арасынан артық сөз өткізбей, біреудің сеніп айтқан сырын көпке жая салудан сақ болуымыз керек. Өйткені пәленің бәрі осыдан басталады. Өзгенің құпиясына берік болатын адам ең алдымен өз сырларын сақтай алуы керек. Өзінің құпиясының құлпын ашып қоя беретін адамға сырды сеніп айтуға болмайды.

Босқа асықпауымыз керек. Егер тындыруға тиіс істеріміз кезек күтіп тұрса, сол үшін асыққанымыз бір жөн. Босқа асығып, әр істі шала бітіріп жүретіндердің еңбегінің берекесі болмайды. Асыққан үйректің әрекетіне әуес болмай-ақ қойғанымыз дұрыс.

Қайырымдылықпен айналысуымыз керек. «Шығыс болмай, кіріс болмайды» дейді қазақ. Жетім-жесір мен жағдайы төмен адамдардың қажеттілігін өтеп алғыс алудың адамдық арыңыздың ісі. Қарғыс алмай, алғыс алуға асыққан жөн.

Сынды дұрыс қабылдай алуымыз керек. Сын естісек, қалпағымызды жоғары лақтырып қуанайық. Демек бізді жұрт көзге іле бастағаны. Сын арқылы біраз мінімізді түзеп алуға мүмкіндігіміз бар.

Қалай, қиын емес қой? Ендеше, бәріміз берге «Жақсы адам» болуға тырысайық!

А. Әбілхан