Өмір жолында кезігетін қиындықтарды жеңудің жолы

Кез келген адамның өмірінде қиын кезеңдер туындауы мүмкін. Оның бәрі – өтпелі екені белгілі. Алайда бірі оны шешудің оңай жолын тапса, бірі қиналып қалып жатады. Мұның бәрі ең алдымен сіздің мәселеге деген көзқарасыңызға байланысты.

1. Энергияңызды босқа шығындамаңыз

Адамдар неліктен азаптанады? Себебі олар болып жатқан жағдайды қабылдай алмайды. Қандай мәселе болмасын, оны уайымдап, қайғырудың еш пайдасы жоқ. Оның орнына қолыңыздан келетін шараның бәрін қолданып, тезірек шешімін табуға тырысыңыз.

2. Түймедейді түйедей етпеңіз

Егер бір мәселені ойлап, уайымдай беретін болсаңыз, оның көлемі ұлғая береді. Ол жайлы негативті ойлаудың орнына қандай пайдалы жақтары бар, сол жайлы ойланыңыз. Кез келген проблемадан сабақ алуға болады.

3. «Сәтсіздік» сөзін ұмытыңыз

Жолыңыз болмай, мақсатқа жете алмаған күнде оны «сәтсіздік» деп емес, «жаңа білім алуға мүмкіндік» деп санаңыз. Томас Эдисон кезінде «Мен шамды ойлап табуда жолым болмады емес, бар болғаны оның қосылмауының 99 әдісін анықтадым» деп айтқан. Сол сияқты сіз де жолыңыз болмаған істің пайдалы жағын анықтауға тырысыңыз. Есесіне келесіде жаңа жолға сенімді аяқ басасыз.

4. Егер қалағаныңызға қол жеткізе алмасаңыз, демек дұрыс жолда келе жатырсыз

Иә, бұған сену қиын. Бірақ бұл - ақиқат. Басы қатты болса, арты тәтті болатынын естен шығармаңыз. Кез келген сәтсіздіктің өз мәні болады. Егер сізді бір қызметке алмаған болса, мүмкін ол жұмыс сізге ұнамай не отбасыңыздан алыстатып жіберер ме еді? Сол себепті «жоқ» деген нәрсені бөгет деп емес, жаңадан ашылған есік деп түсініңіз.

Жалғасы бар...