Сүйгеніңіздің құрбылары көп болса...

Сүйген қызыңыздың жақсы араласатын құрбыларының көп болуының да жақсы, әрі көлеңкелі жақтары бар. Екеуінің ара-жігін ажыратып көрейікші, ендеше?

Жақсы жағы:

Мереке мен атаулы күндеріңіз елеусіз қалмайды;

Сіз уақыт бөле алмаған кезде жанынан табылып, жалықтырмайды;

Ренжітіп алсаңыз, сабасына түсіріп ақылдарын айтады;

Көп қонақ күтетін болсаңыздар, жабылып біраз істі өндіріп тастайды;

Сүйгеніңіз «Бірге дүкен аралайықшы, жүрші» деп жиі айта бермейді;

Сүйгеніңіз сізге айта алмағанын айтып, жеңілдеп алады да, жаныңызда сергек жүреді;

Құрбыларының кеңесіне жүгініп, үнемі өзгеріп отырады және солармен ілесемін деп сәннен қалмайды;

Нашар жағы:

Кейде араларыңызға от салып, сүйгеніңізді өзіңізден алыстатып жібереді;

Ананы-мынаны сөз қыламыз деп, сүйгеніңізден «таза өсекші» шығарады;

Кейде сізбен салыстырып, сізден артық жігіттерді ұсынып әп-әдемі қарым-қатынастарыңыздың шырқын бұзады;

Сүйгеніңіз құрбыларымен қайта-қайта кездесе беріп, сізбен кездесуге уақыт таба алмай қалады;

Басы бос құрбыларымен еріп, жігіттермен де сөйлесіп қояды;

Жөнсіз дүкен аралап, құрбыларынан қалыспау үшін сізді көп шығын қылады;

Бітпейтін туған күндермен және отырыстармен шаршатады;

Сіздің де сүйген жаныңыздың айналасында осындай құрбылар жүр ме?

Ұқсас жазбалар:

Досы көп жігіттің ойы

Сүйгеніңіз неге үнемі ренжи береді?