Аруыңыздың макияжы мінезін айтып береді

Қыз бала, әйел заты барынша әдемі түстер мен бояуларды пайдаланумен қатар, көңіл-күйі мен мінезін де өзгерте алады. Мысалы, қазіргі мінезі өзіне ұнамсыз болса, макияжын да өзгертуге тырысқаны дұрыс. Көп ұзамай, онымен қатар өмірінің де өзгергенін байқайды. Ал боянудың мінезге қаншалықты қатысы бар?

Көз қиығын сызып, қалың етіп тушь жағатын, көзін бояуға ерекше мән беретін қыздар байқағыш, сезімтал болады. Сондықтан өзгемен уақытша байланыс жасағаныңызды да, жұмыста бөгеліп қалдым деп отырысқа барғаныңызды да жасыра алмайсыз. Сырын ішіне бүгіп, іштей уайымға салынатындары көп. Жанын жаралай көрмеңіз. Көпшіл емес, оңаша жүргенді ұнатады. Мақсатсыз үйге қонақ ертіп келмеңіз. Көп тыңдап, аз сөйлейді. Ерінің де айтқанына көніп, бұрыс пікірін дұрыс деп бас изеп, қарсы шықпайтын болады. Өзгеге жақсылық жасауға құмар. Жаман күйеудің өмірін өзгерте алады.

Егер қыз тек кірпігіне тушь жағып, ернін түссіз далаппен, білінер-білінбес етіп бояйтын болса, ол өзіне барлық жағынан сенімді болғаны. Әрі көркімен емес, ақылымен жұмыс істейді. Ондай қызда кемшілік те аз. Тән сұлулығынан жан сұлулығына көп мән беріп, жоғары бағалайды. Демек, отбасылық та, қызметтік те мәселелеріңізді осы аруыңызбен ақылдасып шешсеңіз, ұтылмайсыз. Отбасы бюджетін оған сеніп тапсыруға болады, өте ұқыпты. Сонымен қатар мұндай қыздардан сақ болуды да естен шығармаңыз. Өйткені кейде кек сақтағанын да, ренжігенін де байқатпағанымен, кез келген жерде алдыңызға келтіруі мүмкін не сіз күтпеген әрекетке бара алады. Сондықтан еш ренжітпегеніңіз жөн.

Акцентті ерніне беріп, бірден көзге түсетіндей етіп бояйтын қыз көпшілік назарында болғанды ұнатады. Оның бойынан әйелге тән қылықтылық пен нәзіктікті байқай аласыз. Олардың қатарында «барлық еркек маған бұрылып қараса екен» деген оймен жүретіндер көп. Оның айналасында көзсүзушілер де көп. Мұндай әйелдер өзгені шын сүйіп қалса, күйеуінен ажырасып кете алады. 

Әр киіміне үйлестіріп, бояу түстерін де оңай өзгерте беретін болса, ол экстраваганттық макияжды әйел. Оның жанында жара бар не балалық шақта қиыншылық көрген деп біліңіз. Сонысын өзгелерден жасыру үшін түрлі-түсті әрі қанық етіп боянады. Қызыңыз осылай боянатын болса, барынша жанына сая, қамқор болғаныңыз жөн. Оның шығармашылық қабілеті жетерлік. Көбіне өзін «мені ешкім жақсы көрмейді», «мен бұл мақтауға лайық емеспін» деген ой мазалап жүреді. Өте көңілді әрі ақжарқын сәттері де бар.

Ұқсас жазбалар:

Косметика таңдау кезінде нені ескеру керек?

Аруларды далабына қарап тануға болады