Арбаушының әдісін білесіз бе? #2

Арбаушының әдістері қандай болады? Неге біз оңай алданып қаламыз?

Басы

3. Таңдаусыз таңдау

Бұл дегеніміз – сізге бір таңдау жасау үшін екі нұсқа ұсынылады, оның бірі мүмкін емес болса, екіншісі ұсынушының өзіне тиімді. Немесе екі нұсқа да ұсынушыға тиімді болып келеді.

Бұл қулықты маркетингте, саудада қолданады.

Мұндайда не істеу керек? Жымиып, мақұлдаңыз. Сонда ол сізді тұзаққа түсірдім деп қуанады, әрі соны білдіріп қоюы да 80 пайызға мүмкін. Сосын, «алайда, менің ойымша...» деп өзіңізге ыңғайлы нұсқаны айтып, соны таңдайтыныңызды жеткізіңіз.

Сонда оның түрі лезде өзгеріп, ызасын да көрсетіп қоюы мүмкін. Сонда қателеспегеніңізге көзіңіз жетеді.

Өз таңдауыңызды біреудің қалауымен жасамаңыз.

4. Аяқталмаған әрекет

Бұл орайда барлық фундамент адамның әуестігіне құрылады. Яғни арбаушы сіздің назарыңызды аяқталмаған сөзге немесе әрекетке аударады. Бұл әдісті түсіндіру үшін телесериалды мысалға келтіруге болады.

Мысалы, әдетте, белгілі біл бөлім ең қызық жерінде аяқталады. Сол себепті сіз келесі бөлімді асыға күтесіз.

Арбаушы да өз мақсатымен осы әдісті пайдаланады.

5. Жоққа шығару

Арбаушы сіздің назарыңызды өзіне аударып, өзіне қажетті ақпаратты айтып, одан бірден бас тартады. Яғни бір нәрсе айтып, «әй, ештеңе емес», «ештеңе, ұмыт» немесе «менің айтайын дегенім бұл емес», «сен дұрыс түсінбедің» деп, оны айтқысы келетін нәрсені сіздің өзіңіз сұрап алу үшін осы сөздерді пайдаланады. Нәтижесінде ол «сіздің талабыңызбен» өзінің айтайын дегенін сөз ете бастайды.

Сіздің өміріңізде осындай жағдай кездесті ме?

Сурет: Асхат Казиев

Ұқсас жазба:

Неліктен мақтауды дұрыс қабылдай алмаймыз?