Қандай жағдайда күш жинаймыз?

Психолог Минакова Юлия адамдардың қандай уақытта күшінен айырылып, қандай уақытта күш жинайтыны жайында былай дейді:

Қандай жағдайда күшімізден айырыламыз?

«Жоқ» деп айтқымыз келген жерде «иә» деп айта салсақ;
Жылағымыз келгенде, жымиып күле салсақ;
Демалмасақ;
«Кез келген қиындыққа төземін» деп өз-өзімізге уәде беріп және сол қиындықтың бітуіне аз қалды деп өзімізді-өзіміз сендіре берсек;
Біреуден өзімізге керегін сұраудың орнына, «ішімдегіні тап» деп ренжи салсақ;
Өз сүйген ісімізбен айналыса алмасақ;
Жанымыз қаламаған адаммен амалсыз араласуды жалғастырсақ;
Өңшең негативті ойда жүретін адамдармен аралассақ;
Өсек айтсақ;
Жалыққан жұмысымызды тастай алмасақ;
Қорқынышқа берілсек;
Жұрттың қалай өмір сүріп жүргенін көп айтып, салыстыра берсек;
Біреудің (Аяз Ата, ақ боз атты ханзада, т.б) келіп өмірімізді өзгерткенін күтуді доғармасақ;
Өзімізді жолы болмағыш, әлсіз санай берсек.

Қандай жағдайда күш жинаймыз?

Жаңа адамдармен таныссақ;
Жаңа білім алып, танысақ;
Саяхаттасақ;
Өзіміздің қорқынышымызбен бөлісіп, бірге қорғансақ;
Жаңа нәрсені үйренуге, жаңа қырымыздан ашылуға тырыссақ;
Ешқандай себепсіз серуендесек;
Шығармашылықпен айналыссақ;
Бізді үнемі қолдайтын адамдармен аралассақ;
Салауатты өмір салтын ұстасақ;
Спортты сүйсек;
Физикалық жағдайымызды дұрыстасақ;
Өз ашуымызды тізгіндей алсақ;
«Жоқ» деп айтқымыз келген жерде «жоқ» деп, «иә» деп айтқымыз келген жерде «иә» деп  айта алсақ;
Жүректің үнін тыңдауды үйренсек.

Сурет: Полбина Вероника