Көктеммен бірге көңілімізді жаңартайық #2

Көктеммен бірге көңілімізді жаңартайық #2

Күлімдеп келген көктеммен бірге көңіліңіз де жаңарсын. 

Басы

Киімді өзгертіңіз. Ауыр, қалың киімдерді салып тастап, пальто, күрте сияқты маусымдық киімдерді шығарыңыз. Қазір кейбір дүкендерде жеңілдіктер жүріп жатқан болар. Сондықтан қай киімдер керек екенін әбден ойластырып, қаражатыңызды сайлап, weekend күндері дүкендерді аралаңыз. Қандай киімдердің трендте екенін білгіңіз келсе, біздің сайтты қараңыз.

Шаш үлгісін өзгертіңіз. Алдымен фотошоп арқылы не визажиске барып, қандай шаш үлгісінің жарасатынын анықтап алыңыз, сол бойынша шашыңызды қидырыңыз. Егер көзілдірік тағатын болсаңыз, оны да өзгертіңіз немесе линза киіп көріңіз.

Үйге күтім жасау. Үйдегі жиһаздардың орнын ауыстырып, фэн шуй бойынша қоя аласыз. Перделерді жуып, еденді тұз салынған сумен жуып шықсаңыз, баспанаңыз бір "сергіп" қалады.

Өзіңізді қажытпайтын нәрсені табыңыз. Өз-өзіңізді қинаудың не керегі бар, сол себепті ондай жайттан тезірек құтылыңыз. Кейбір құрбыларыңызбен де қош айтысуға тура келер. Кімнің шынымен дос, кімнің қас екенін таразылайтын кез жетті.

Өзіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Бет-жүзіңізге, шашыңызға маскалар жасап, денсаулыққа пайдалы шөп, эфир майлары қосылған ванналар қабылдаңыз. Қажетті кеңестер біздің сайтта жарияланған.

Дәрумендер қабылдаңыз. Көктемде кейбір адамдарда дәрумендердің жетіспеушілігінен әлсіздік, қаны аздық, арушаңдық байқалады. Құрамында дәрумендері көп тағамдар жайлы мәліметтер де бізде жарық көрген.

Жұмысыңыз өзіңізге ұнай ма? Мүмкін тіпті жұмыс ауыстыру қажет болар. 

Егер өміріңізде көп қаражат талап ететін жайт пайда болса, оған ренжімеу керек, бұл сізге арналған "өміріңізді өзгерту керек" деген ишарат. Сондықтан тек алға!

Сурет: ©Бауыржан Бисмильдин

Ф. Абилова