Бойжеткендер жіберетін қателіктер #2

Бойжеткендер жіберетін қателіктер #2

Қоғамда «Адам өз-өзіне жау» сынды пікір қалыптасқан. Бұл сөз құлаққа жауыр болып естілсе де, астарында шынайылық бар екенін сезуге болады. Біз үнемі кемелділікке ұмтыламыз деп өзімізді тығырыққа тірейміз. Артынша қатты шаршаймыз. Барлығына қол сілтеп, ешкім танымайтын аймаққа кетіп қалғымыз келеді. Олай болса, бойжеткендер бас тарту арқылы бақытқа қол жеткізе алатын әдеттерін ұсынамыз.

Басы

Сырт келбетін бағаламау. Бұл әрекетіңіздің еш пайдасы тимейді. Бар болғаны айналаңыздағыларға өзіңіздің қаншалықты сенімсіз екеніңізді көрсетесіз.

Ең жақсы қасиеттеріңізді біреу тізімдеп жатқан кезде, өзіңізді қылмыскердей сезіну. Бойжеткендер өздерін табысқа лайық емесін деп ойлайды. Жетістіктеріңізді дұрыс бағалай біліңіз. Мансап жолында ілгерілеп, бастығыңыздан қошемет сөз естідіңіз бе? Сіздің осыған лайық болғаныңыз.

Өзіңізді ұсқынсызбын деп есептеп, құрбыларыңыздың әлеуметтік желісінде тұрған суреттеріңізді алдырып тастау. Мұндай суреттер үнемі жарияланатын болады. Бар болғаны өзіңіздің болмысыңызды қабылдай біліңіз.

Шынайы өмірді өзге біреудің виртуалды өмірімен салыстыру. Әлеуметтік желіде жоқ образ қалыптастырамын деп уақытыңызды босқа шығындаудың қажеті жоқ. Зерттеу нәтижесіне сәйкес адамның әлеуметтік желіге тәуелділігі өзіне төмен баға берумен байланысты екені анықталды.

Сурет: ©Балтабек Кожанов 

Оқи отырыңыз:

Қиындықты жеңудің 3 жолы 

Артық салмақтан арылғыңыз келсе

"Мен сенен жалықтым!"

Темпераментіңізге сай киіне аласыз ба?

Қ. Бүйенбай