Қимас досың қимасыңды сұраса... (Видео)

- Ерасыл Мирасбек, «Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің» деген сөз бар. Мұндай жағдай басыңызда болды ма?

- Шүкір, қиын-қыстау кезеңде өзіме демеу болып, қуанышымды егіз қозыдайын бөлісетін достарым бар. Олар үшін бар асылымды құрбан етуге дайынмын. Бірақ, еш уақытта қимасымды сұраған емес. Тек техникаға жақын болғандықтан, арасында бейнебаянға түсіру сынды өтініштерін орындаймын. Жақында Болат Срымов есімді досымның тойына арнап махаббат бейнебаянын түсірдім. (Ол досымды сіздер де танитын шығарсыздар. Өзі мықты суретші). Оны сіздер де тамашалап көре аласыздар.

 

Ал Сіз досыңыз үшін не істей аласыз?

Сурет: Гаухар Зукенова