Жаңа жылға арналған арман-тілектеріңіз қандай?

Мінеки, Жаңа жыл да келіп қалды. Сіз өткен жылға есеп беріп, келе жатқан жылға жоспар құрдыңыз ба? Психологтар мұның адам үшін өте маңызды екенін айтады.

• Отбасыңызда қандай қуанышты жағдай болғанын қалар едіңіз?

- бір басыңыз екеу болып, өз өмірлік жарыңызды тапқыңыз келе ме?

- әлде балалы болуды армандайсыз ба?

- ата-анаңыздың алдындағы парызыңызды өтеу үшін не істемексіз?

- балаңыздың көптен армандаған телефонын әпересіз бе?

• Денсаулығыңызды нығайту үшін қандай ем-домдар қолдануды жоспарлайсыз?

- бір жерге шипажайға барасыз ба?

- денсаулығыңызды тексерту үшін атақты бір дәрігерге қараласыз немесе бастан-аяқ диагностикадан өткіңіз келе ме?

• Материалдық жағынан жоғары дәрежеге көтерілгіңіз келе ме?

- жалақыңыздың қанша болғанын қалайсыз?

- қызмет бабында өскіңіз келе ме?

- жұмысыңызды өзгертіп, басқа қызметке ауыспақсыз ба?

- қымбат әшекей алуды көздесіз бе?

- қымбат тон алуды жоспарладыңыз ба?

- машина ауыстыру ойыңызда бар ма?

- жайлырақ, кеңірек пәтер, жер үй алғыңыз келе ме?

• Рухани жағынан өсуді ойлайсыз ба?

- қандай зиянды әдеттен арылғыңыз келеді?

- қай жақсы қасиеттің бойыңызда болғанын қалар едіңіз?

- қандай әдебиеттерді оқығыңыз келеді?

Шамамен осындай арман-тілектер мен мақсат-мұраттар адамзатты ілгері жетелері сөзсіз. Сіздің арман-тілегіңіз қандай?

Жаңа жылыңызбен!

Сурет: content.ru

Оқи отырыңыз:

Жаңа жылда Аяз атадан өзге кімдер сыйлық сыйлайды?

Сыйлық таңдаушыларға 6 кеңес

Шыршаны безендіру сәтін қалай көңілді өткізуге болады?