"Ақымақ не дана болу – өз қолыңда"

"Ақымақ не дана болу – өз қолыңда"

Ағылшын жазушысы, әлемге танымал драматург Уильям Шекспирдің әдеби мұрасы өлеңмен жазылған шығармалар (поэма, сонеттер) және драма деп екі түрге бөлінеді. Оның 154 сонеті, 38 пьесасы, 4 поэмасы мен 3 эпитафиясы бізге жеткен. Шекспир пьесалары әлемнің театр сахналарында әлі күнге дейін қойылады.

Уильям Шекспирдің өмірге, адам тіршілігіне байланысты айтылған дәйексөздерін назарларыңызға ұсынамыз:

1. Үндемегенді жансыз деп есептеу – қате, айқайлап, шулағанның жаны бос деп есепте.

2. Қатты ренжіп, көңілі қалған адам ғана майда-шүйдеге ренжиді.

3. Жер ана – дана, баласы – ақымақ.

4. Аз сөздің орны бос емес.

5. Махаббат – өзінің соңына түскеннен қашып, одан безетіндердің мойынына ілігеді.

6. Ақымақ не дана болу – өз қолыңда.

7. Еркектер бойдақ кезінде – көктемдей, үйленгенде – суық қыстай.

8. Дұшпаныңа ор қазамын деп, ішінен шыға алмай қаласың.

9. Айтылған сөздің өткірлігі айтқан адамның тіліне емес, естігеннің құлағына байланысты.

10. Әрбір қитұрқы әрекеттің мәні бар.

11. Сымбатына қарап ғашық болсаң да, сүйесің тек – жанына қарап.

12. Ұшан теңіз көңіл-күйде берген уәделер – тыныш кезде ұмытылар...

13. Бұл өмірде жақсы, жаман деген нәрсе жоқ. Ол тек біздің сол нәрселерге деген қарым-қатынасымыз.

14. Өзгені сынаудан бұрын, өзіңді сына.

15. Табысқа жетудің үш шарты: өзгелерден көп білу, өзгелерден артық жұмыс істеу, өзгелерден аз күту.

Сурет: fonday.ru

Оқи отырыңыз:

«Шынайы махаббат адамның жүрегінде мәңгілікке қалады»

Уақыт деген...

«Сенбеймін. Үміттенбеймін. Сүйемін» кітабынан алынған дәйексөздер

Ф. Абилова