Күзбен бірге жаңа өмір бастаңыз

«Біз жоспар құратын кез "өмір" деп аталады...»

Біздің әрқайсымыздың өмірімізде кейінге қалтыратын көп іс болады. Үлгереміз деп ойлаймыз. Осы істермен бірге өмірді де кейінге қалдырамыз.

"Өмірді кейінге қалдыру" атты ұғым бар. Бұл синдромға практикалық тұрғыдан барлығы да тәуелді. Біз алдымызда әлі 200 жыл бардай өмір сүреміз. Жоспарларымызды жүзеге асыруды армандап, ақырында «КЕЙІН» деп жүрегіміздің түкпіріне сақтап қоямыз. Ал сол «КЕЙІННІҢ» нақты қашан болатынын ешкім білмейді.

«Жұмысқа тұрамын, сосын», «балалар өссін, сосын», «осы жобаны аяқтайын, сосын...», «сыйақы алайын, сосын...», «дағдарыс аяқталсын, сосын...», «Жаңа жыл келсін, сосын» - бұл тізімге сіздің де алып-қосарыңыз бар екеніне сенімдімін.  

Біз бір нәрсені кейінге қалдырған кезде әлі де жасап үлгеремін, немесе әлі уақыты келмеді деген ойдың жетегінде боламыз. Дағдарыс кезеңі болмағандықтан, жұмысты өзгертудің қажеттілігі жоқ. Денсаулығым әлі қатты нашарлаған жоқ, сол себепті кейін қараламын. Көңіл-көтеретін уақыт емес, әлі талай жұмыс күтіп тұр. Ата-анамызды мейрамханаға апаратын кез емес, ақшаны үнемдеу керек...

Біз нағыз өмірге дайындалатындай өмір сүреміз. Осы үрдіс барысында өміріміздің қалай өтіп кеткенін де байқамай қаламыз. Артымызға қайырылып қараған кезде еске аларлықтай еш нәрсенің жоқ екенін түсінеміз. Өмір болған сияқты, бірақ өтіп кетті. Өкінішті емес пе?

Дәл қазір жасауға болатын істі кейінге қалдырмаңыз. Достарыңызды шақырып, бастаңғы жасаңыз. Ата-анаңызды мейрамханаға апарып, қалағанын әперіңіз. Сүйіктіңізбен киноға барыңыз. Ескі досыңызға телефон шалыңыз. Жаңа секцияға жазылыңыз. Өзіңіз армандаған сөмке немесе сағат сатып алыңыз. Өміріңізді кейінге қалдыру синдромынан арылып, бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Өмір қойылымдағы дайындық емес...

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Салтанат Бегісбектің жеке парақшасынан