Өмірде өз орныңды табу үшін

Өмірде өз орныңды табу үшін

Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сондықтан, оны өкінбейтіндей, есте қалатындай етіп өткізу керек. 


Арманға қарай жүру. Өзіңізді сынап көру арқылы ғана шынайы мүмкіндіктеріңіз қандай екенін бағалауға болады. Егер мақсат және оған жетуге құлшыныс болса, онда арманға қарай бірінші қадам жасаудан қорықпау керек. Жағдайлардың сізге қарсы болып тұрғанына қарамаңыз, олар өзгеруі мүмкін. 

Сәтсіздіктерден қорықпау. Бірінші сәтсіздік жетістікке жету жолындағы бірінші баспалдақ болуы мүмкін, сондықтан, үмітіңізді үзбеңіз. Қажет жұмыстарды ештеңеге қарамастан атқара беру керек, олар міндетті түрде нәтиже көрсетеді. Күтпеген жерден болуы мүмкін, бірақ ол жаман болмайды. 

Өз-өзіңе адал болу. Әркім өмірде маңызды деп санайтын нәрсені таңдауға құқылы, бірақ өз-өзіңе адал болу қашан да қымбат екенін есте сақтау қажет. 

Өзіңе жақын адамдардың пікіріне құлақ салу. Өзіңізді жақсы көретін жақын адамдардың пікіріне құлақ салу пайдалы, себебі, олардың сөзі әрқашан болмаса да қажет жағдайларда дұрыс болуы мүмкін. 

Болмас қиял құрастырмау. Отбасылық өмір адамды өзгертпейді, бірақ кемшіліктер мен артықшылықтар өте тез біліне бастайды. Сондықтан, өмірлік серігіңіздің ондай тұстарын алдын ала біліп алған дұрыс. 

Сүю, үміттену және сену. Бақыт адасып, кешігіп жатса да бақытты болуға сену керек. Оған деген үмітті ешқашан жоғалтпау керек.

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: doramatv.ru

Г. Бакытбекова