Демалысқа шығу уақыты келгенін қалай білуге болады?

Демалысқа шығу уақыты келгенін қалай білуге болады?

Massaget.kz сайты сіздің жұмыстан демалысқа шығуыңыздың уақыты келгенін білдіретін алғашқы белгілердің қандай болатынын анықтап, сіздерге ұсынуды жөн көрді.

1. Өзіңізді жігерлендіре алмай жүресіз

Бұрын сізді орныңыздан тұрғызып, жұмысыңызға жетелейтін жігеріңіз енді көмектеспей қойған болар. Осыған дейін сіз үшін маңызды болып көрінген нәрсенің енді еш салмағы жоқ секілді сезінесіз. Сіз жұмысты не мақсатпен істеп жүргеніңізді білмейсіз. Бағыт бағдардың да қалмағанын түсіне бастайсыз. Осыны түсінген бойда жылдам демалысқа өтініш білдіріп кетпесеңіз, жұмыстан мүлде шығу туралы ойлана бастауыңыз да әбден мүмкін.

2. Жұмысқа зейін қою қиындай түскен кез ...

Бұл көп адамның жұмыстан жалығуы емес, оның жеке мінезіне тән қасиеті ретінде қабылдайды. Жалпы іштегі бар сезіміңіз бен мінезіңіз өзгеріске ұшырауы біршама сізді ойландыруы тиіс. Ал зейін қоя білу жақсыға үлгі бола білумен тең. Зорыққан санаңыздың қорғаныс механизмін іске қосу үшін сізге белгілі бір уақытқа туристік сапарға аттанғаныңыз да орасан зор пайдасын тигізеді.

3. Сіздің тым жұмысыңыз көп

Тағы бір зерттеудің нәтижесіне орай жұмыстан жалыққан адамның санасында екі бірдей үдеріс жүріп жатады. Біріншісі, сіз белгілі бір жұмысты атқару үшін көбірек уақытты қажет ете бастадыңыз. Екіншісі, өзіңізге берілген артық жүктемелерден арылу мақсатында, көп уақытыңызды жұмыста өткізуіңізге тура келетін болды. Ал бұл жұмыстағы өнімсіздікке алып келуі мүмкін.

4. Өзіңізді жазықтымын деп ойлай бересіз

Сосын өзіңіздің істеуге қауқарыңыз жете алатын тапсырмадан біршама көп жұмысқа тап болғаныңызды байқайсыз. Осындай жағдайда өзіңізді жазықты көре бастауыңыз да мүмкін. Себебі өз уақытында орындалмай жатқан жұмыстарыңыз өзіңіздің жылдам бейімделе алмауыңыздан деп ойлайсыз.

5. Өз әке-шешеңізбен көп ұрыса бересіз

Сіздің ашуыңызға тию оңайдың қасы болып қалады. Алдын өте төзімді болғансыз, ал қазір жылдам ашуға міне бересіз. Сіздің ойыңызша жақындарыңыз сізге еш қолдау білдірмейді. Сіз әбден шаршағансыз.

6. Сіз әрқашан шаршауды сезіне бересіз

Сіз ұйықтағанда да, оянғанда да өзіңізді әлсіз сезінесіз. Тіпті күннің бірінші жартысында қайратты болып жүргеніңізбен, кешке жақын өзіңізді әзер ұстайтын боласыз. Тағы да кеңседегі жұмысыңыздан жалығу басталған сәтте санаңыздың сізге бағынбай қойғанын байқайсыз. Санаңыз қуатты артық жұмсамай, сізге босаңсуды бұйырады. Сондықтан қатаң жұмысқа берілуге тырыса бергеніңізбен, еш нәтижесін бермейді. Себебі санаңыз оған жол бермейді.

7. Көңіл-күйіңіз жылдам өзгереді

Бұл тіпті белгі емес, жұмыстағы моральды жабығуды білдіреді. Егер сіздің көңіл-күйіңіз жылдам өзгере беретін болып қалса, сіз міндетті түрде өміріңіздегі бір нәрсені өзгертүге тиіссіз.

8. Сіз ауырғансып, сылтаурата бересіз

Сізді таңертең оятқышыңыз оятқан кезде, көзіңізді ашып, тұруға шамаңыздың жоқ екенін байқайсыз. Әлемдегі ешбір күш сізді орныңыздан тұрғызып, жұмысқа барғыза алмайтындай түйіледі. Басшылыққа хабарласып, сырқаттанып қалғыныңызды айтасыз. Жұмысқа келе алмайтыныңызды түсіндіруге тырысасыз. Осындай жағдайлар жиілей түскені сіздің демалысқа шығу кезіңіз келгенін білдіреді.

9. Сіз шын мәнінде ауыра беретін болып қалғансыз

Мұнда бәрі айдан анық. Ағзаңыз азғындап, иммунитетіңіз төмендеп кетеді. Ауруға жиі тап бола бересіз. Ал ауыру жұмысқа бармаудың сылтауына айналғандықтан, бір жағынан сырқаттанғаныңыз өзіңізге ұнай бастайды.

10. Өзге адамдар сіздің ашуыңызға тие береді

Олар біздің барлығымыздың да ашуымызға тиеді. Сондықтан мынадай белгі әркімде де кездесуі жаңалық емес. Дегенмен, қазір бұл жағдайдың тым көп қайталана бере түсуі туралы бір сәт ойланып көргеніңіз жөн. Эмоционалды тұрақсыз кейіпке енген адам достарымен қарым-қатынасты азайтып, қоғамдық өмірден алшақтағысы келеді. Сондай-ақ, өзге әріптестеріңіз бар жұмысын үлгеріп жүргенде, сіздің жоспарларыңыз өз уақытында іске аспай қалып жатады. Бұл мен іздеген жұмыс емес деген ойлар да санаңыздан кетпей қою ықтимал. Сондықтан, уақытты көпке созбай, өзіңізге демалыс жариялағаныңыз жөн.

11. Мардымды ұйқыдан қалғансыз

Жұмыста барлық тапсырмаларға үлгеріп, үйге шаршап келсеңіз де ұйықтау сізге қиынға түсе бастайды. Бұл санаңыздың күнделікті қабылдап жүрген ақпаратты өңдей алмай, сізді ұйқыға жібермейтін кезі деуге болады. Себебі біршама уақытқа дейін еш демалыссыз жұмыс істеу, санаңыздың әдеткі жұмысқа баруға қауқары қалмағанын көрсетеді. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.telegraph.co.uk

Ж. Өрісбай