Лузердің жеті әдеті

Өмірде жолы болмайтын я қиындыққа тап болғанда өз-өзін жоғалтып алатын адамдардың 7 түрлі қасиеті бар екен. Біз сондай әлсіз адамды "лузер" деп атап, жан-жақтылы мінездеме беріп көрелік.

1) Лузер әрқашан да өзінің кем-кетігін іздейді, өз-өзін аяп, мүсәпір қалыпта өмір сүреді. Ол өзінің жетістікке жететініне сене алмайды. Себебі көбінде мұндай адамдар көпшілік ортаға сіңісіп кете алмайды, тіпті провинцияда тұруды жөн санайды. Бір қызығы, мұндай адамдар өзінде бұл қасиеттің барын біледі, бетіне бассаңыз тақырыптан қашып, өзіңізді де кінәлауға жақын тұрады.

2) Лузер әрбір жағдайда өзіне ештеме ұнамайтынын, өмірдің қиын екенін айтуға құмар. Тіпті өмірінде жақсылық та, жамандық та болса, лузер өз әдетінше тек жамандықты, қиындықты айтып, өкпесін айтады.

3) Лузер өзін өзгелермен салыстырады. Оның өзіндік "мені" жоқ. Ол өзін тек өткен шақтағы өзімен салыстыруға болатынына және өзгелермен ешқашан да бірдей бола алмайтынына ақылы жетпейді. Ол өзіне тек өзгелермен салыстыру арқылы баға бере алады. Және салыстыратын адамдардың ішінде өзінен тек мықтыларды таңдайды. 

4) Лузер тапқан табысынан да көп ақша жұмсайды. Ол шығынды есептемейді, кредит алады, достары мен туысқандарынан қарызға ақша сұрайды. Егер достары мен туысқандары бермесе өз әйелінің (қыз болса күйеуінің) тапқан табысына күн көреді. Әйтеуір, кімнен алса да табысынан гөрі шығыны көп болады. 

5) Лузер қызғаншақ. Ақшаны үнемдемейді, бірақ өзгелерге беруден қашады. Ақшадан айырылып қалғысы келмегендіктен жеңіл табыс көзін іздейді, жеңілдіктер мен жаппай сатылымдарды қалайды. Барлық мүмкін болған жағдайлардың ішінде ең бір арзанын, сапасызын сатып алады. Сондықтан да ол сәттілікке жете алмайтын жиынтық кейіпкерге айналады. Ал егер мұндай адам кәсіп көзін ашатын болса өзінің қызғаншақтығынан бұл істі соңына дейін жеткізе алмайды.

6) Лузер әрқашан да жылдам табыс көзін таңдайды. Өзіне үлкен мақсаттар мен жылдарға созылатын жоспар құра алмайды. Ол өзінің білімсіз екенін, қажетті ілімді игермегенін біле тұра нәпақа табуға құмар келеді. Ол өз мансап жолын құрмайды. Ол нәтижесінде үлкен жетістікке жететін жұмысты істеуден қашып, теледидар алдында шалжайып жатуға бейім тұрады. 

7) Лузер өзіне ұнамайтын іспен айналысады. Әрине, әрбір маман иесі бұл істің өзіне ұнай бермейтінін айтады. Тек айналасындағы адамдардың көзқарасымен, қызығушылығымен іс жасайды. Ал өзінің қызығушылығы мен дамуына ешбір де үлес қоспайды. 

Міне, осымен де аяқтауға болатын еді, бірақ біз айтпай өткен қаншама әдет бар! Мәселен, тағы бір лузер өзінің уақытын дұрыс жоспарламайды. Уақытын жоғалтып жатса да сәтсіз адам бұл жайында ойланып көрмейді. Егер лузерге ақша мен уақытты таңдауға берсеңіз, ол міндетті түрде ақшаны таңдайды. Егер сіз бұл әдеттерден өзіңізді танысаңыз мойымаңыз, себебі СІЗ қандай проблемаларды шешуіңіз керектігін білесіз! 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: copypast.ru