"Жылдам оқу" техникасын бірге меңгерейік!

"Жылдам оқу" техникасын бірге меңгерейік!

Кітапты әркім түрліше оқиды. Бірі – бір күнде екі кітап оқыса, екіншісі – жата-жастана асықпай оқығанды жақсы көреді. Бірақ, бәрінен де дұрыс түсіне отырып, жылдам оқу қиын. Сондықтан назарларыңызға психолог мамандар ойлап тапқан «жылдам оқу техникасын» меңгеруді ұсынамыз.

1. "Мәтінді асау". Сөзден кейін сөзді оқып отырудың орнына сөз тіркестерін оқыңыз.

2. Таймер. Алдыңызға мақсат қойып, сол мақсатқа жететін уақытты нақтылап алыңыз. Тек сөздерді ғана емес, сөз тіркестерін оқуға кететін уақытты да үнемдеңіз.

3. Маңызды сөздерді іздеу. Кез келген мәтінді «және», «да», «де», «мұнымен қатар», «сонымен» секілді шылаулар мен қыстырма сөздерді оқымай кету арқылы мәтін көлемін қысқарта аласыз. Оқу барысында тек «маңызды» сөздерді ғана көруге тырысыңыз. Олар зат есім, етістік, сын есім болуы мүмкін.

4. Алғашқы мақсатыңыз. Әр жаңа жолдың алғашқы сөйлеміне ерекше мән беріңіз. Шындығында жақсы жазушы барлық ойын жаңа жолдың алғашқы сөйлемінде жазып, қалғанын сол сөйлемдегі мағынаны дамытуға арнайды. Басқаша айтқанда, азат жолды толық түсіну үшін, алғашқы сөйлеміне мән берсеңіз болды.

5. Тақырып пен тарау атын ерекше ықыласпен оқыңыз. Олардың астарында да көп мағына жатыр.

6. «Бағыттаушыларға» қараңыз. «Бұдан өзге», «мұнымен қатар» сынды қыстырма сөздер екі мақсатта қолданылады. Біріншіден, осыған дейінгі ойды нақтылай түсу үшін, екіншіден, қосымша мәлімет беру үшін. Ал «осыған сәйкес», «сондықтан» сөздері нәтижені білдіреді.

Өзіңізді тексеріңіз!

Оқығыңыз келмейтін қиын әрі ұзақ мәтін алыңыз. Оның алғашқы сөйлемдерін ғана оқып көріңіз. Артынша түсінгеніңізді қағазға жазып, оны мәтінді толық оқып шыққан нәтижеңізбен салыстырыңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru 

Қ. Бүйенбай