Несиені төлей алмаған жағдайда не істейміз?

Біз өмір сүріп жатқан заманда қарызсыз өмір сүру мүмкін емес.  Қарызды алғанда барынша қуансақ, қайтарар кезде қиналамыз. Кейде жеке басымызға қатысты жағдайлармен қарызымызды қайтара алмаймыз. Немесе туған-туысқандарымызға алып берген несиеміз уақытында төленбейді. Ал жұмысымыз бен жалақымыздың тұрақты болып қалатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Олай болса не істейміз?

Біріншіден, қатты уайымдамаңыз. Бұл өмірде адам өмірінен маңызды еш нәрсе жоқ. Бар болғаны төмендегі ережелерге сәйкес әрекет жасаңыз.

1. Еш уақытта банктен жасырынбаңыз. Жағдайыңызды жазбаша түрде банкке ескертіңіз. Шамамен «Жұмыстан шығып қалу себебіме немесе денсаулығыма байланысты дәл қазір несиемді төлей алмаймын» сынды ескерту болуы керек.

2. Банктен шарттарын өзгертуді өтіну «реструктуризация» деп аталады. Яғни келісімшарт қайта жасалады. Ондағы несие мерзімі мен пайызы өзгертіледі.

3. Заң сізді қолдайды. Барлығының заңды түрде жүзеге асқаны дұрыс. Сот алдында несие берушілерге берер жауабыңыз «Мен несиені төлеуден бас тартпаймын. Тек дәл қазір төлейтін ақшам болмай тұр. Сол себепті мерзімді созуларыңызды өтінемін» секілді болғаны жөн.  

4. Сот жоғарыдағыдай берілген жауабыңыз үшін түсіністікпен қарайды.

5. Мұндай мәселелердің сот арқылы дұрыс шешім таба салғаны банктерге ұнамайды. Сот маңызды рөл атқарған жағдайда банктер алдын ала қорқытып мазаңызды алмай, бірден қажетті органдарға тапсыратын еді.

6. Бұл мәселемен өзіңіз айналыса алмайтыныңызды сезсеңіз, арнайы мамандарды жалдаңыз. Олар тиісті жауап пен заңды жақсы біледі. Бұл мамандарды «антиколлекторлер» деп атайды.

- Антиколлекторлер сіздің атыңыздан кез келген кездесуді өткізе алатындай келісімшартқа отырады. Яғни несие берушілердің алдында сізді таныстырады;

- Сіздің атыңыздан хат дайындап банкке жібереді әрі сотқа арналған өтінішті дайындайды;

- Өсім мен айыппұлды 80-90%-ға дейін төмендетеді;

- Психологиялық және физиологиялық қысымнан құтқарады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: and.kz