Сіз жайында саусақтарыңыз айтып берсін

Адамдардың қолдарына, саусақтарына қарап мінезін, бойында бар түрлі ауруларын анықтауға болады. Тек қолдың көлемін ғана емес, мұнымен қатар түсін, саусақтардың ерекшеліктерін, тырнақтарды пайдалануды ұсынамыз.

  1. Қалыпты тип – алақаны жалпақ, ал саусақтары қысқа қолдар. Өзін-өзі ұстай алмайтын, аз дөрекілігі бар, өмірлік ұстанымы жоқ адамдар. 2. Төртбұрышты тип – алақаны әдеттегі қолдарға қарағанда үлкен. Интеллектісі орташа, жинақы, барлығын уақытымен орындайтын, заңды барынша құрметтейтін, дәстүрдің алдында бас иетін жандар. Бейбітшілікті жақсы көреді.         3. Күрек тәрізді тип – алақанның көлемі әр түрлі. Интеллектісі жоғары, энергияға толы, тәуелсіз жандар. Шығармашылық белсенділігінің жоғары, мақсаты айқын болғандығына қарамастан, бұндай адамдар тәуекелшіл әрі тұрақсыз болып келеді. 4. Философиялық тип – алақаны барынша ұзын, саусақтың буындары айқын білініп тұратын қолдар. Ерекше ойлайтын, өмірге деген эксцентристік көзқарасы бар, көпке сырын аша бермейтін, жұмбақ өмірді жақсы көретін жандар. Айналадағыларға мінезін көрсете бермейді.           5. Әртістік тип – ұзын, майысқақ, саусақтарының ұшы жіңішке қолдар. Өте сезімтал. Үнемі сыртқы көзқарасқа тәуелді, өзгелердің пікірін көп тыңдайтын, тұрақсыз жандар. Шыдамсыздығына қарамастан, шығармашылықпен белсенді түрде айналысады. 6. Идеалды тип – әртістік типке қарағанда алақаны мен саусақтары ұзын. Өзгелерге жүрегі жылып тұратын, арманшыл жандар әрі адал, түйсігі мықты, тылсым күштердің иесі болуы да ғажап емес. Өкінішке орай, көрсетерлік мінезі жоқ, меланхолик.         7. Аралас тип – бұндай типтегі адамдардың мінезін дөп басып айту қиынға соғады. Оларда жоғарғы типтерде аталған мінездердің барлығы дерлік кездеседі.

Саусақ буындарының қаттылығы интеллектілік қабілеттің жоғары болып, мінездің жылдам өзгеріп отыратындығын білдіреді.

Ұзын саусақтар мәдениетті жандарға тиесілі.

Қысқа саусақтар – шыдамсыздық, шешімдерді жылдам қабылдау.

Саусақтарға тоқталайық:

1. Төртбұрышты саусақтар – 7 рет өлшеп, 1 рет кесетін, әрдайым абайлап жүретін адамдар.

2. Күрек тәріздес – энергияға толы, өзгелердің пікіріне құлақ асатын адамдар.

3. Тарылған – импульсивтілік, әртістік өнерге бейім. Нақтырақ:

Жіңішке – эстетикалық талғамы зор, өзімен тілдескенді жақсы көреді.

Қысқа әрі толық – эгоизм.

Ілмек тәріздес – ашушаңдық.

Ісіңкі – бақыттың құшағында жүруді жақсы көреді.

4. Буындары бөлінбеген – шешімді ойланбай қабылдайды.

5. Буындары айқын көрінетін – терең ойлайтын, ақылды жандар.

Тырнақ:

1. Қысқа – энергияға толы, өзгелердің ісіне араласуды жақсы көреді.

2. Қысқа әрі жалпақ – өмірге деген сыни көзқарастың иесі, ұстамды.

3. Жалпақ, ұзын әрі ұшы сүйірленген – ойлары анық, өте ақылды.

4. Ұзын әрі сопақ – жеңілтек әрі арманшыл.

5. Үлкен әрі төртбұрышты – флегматик, өзімшіл әрі суық жүзді.

6. Кішкене әрі сына тәрізді – өте сезімтал.

Ал сіздің қолдарыңыз не дейді?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mysteria.ru