3 жасқа дейінгі өміріңіз есіңізде ме?

3 жасқа дейінгі өміріңіз есіңізде ме? Осы сұрақ ұзақ уақыттан бері ересектер мен ғалымдарды мазалап келеді. Осы жасқа дейінгі оқиғалардың маңыздылығына қарамастан, ешқайсысы да есімізде қалмайды. Уақыт өте келе бірнеше аптадан соң ұмыт болады. Мамандар осының себебі мен салдарын анықтады.

Ғалымдар осы мәселені шешу үшін «инфантильді амнезияның» не екенін анықтап, балалық шағымыздағы естеліктерді ойымызға түсіре алмауымыздың себебін түсіндірді. Анықтауларынша, дүниеге келгеніміздің алғашқы жылдарында ағзамыз жылдам дамиды. Мидағы есте сақтау қабілетін реттеп отыратын жасушалар жылдам көбейіп, ескілері жойылып отырады. Осылайша олардың арасындағы байланыс үзіледі. Нәтижесінде онда сақталған естеліктер қайта қалпына келмейді.

Балалар туған күн секілді маңызды мерекелерді есте сақтағанмен, оларды 1 апта, 1 айдан кейін ұмытып қалады. Керісінше жастары ұлғайған сайын мидағы байланыстар бір-бірімен берік орнап, есте сақтау қабілеттері жақсара түседі.

Канадалық ғалымдар тышқандардың миындағы есте сақтау қабілетіне жауап беретін жасаушаларды көбейтіп көргендерінде, оның бұл қабілеті тым нашарлап кеткендігін байқаған.

Балардың есте сақтау қабілетінің ерекшелігі:

- Зерттеулердің нәтижесі бойынша балалар 2-3 жасқа дейін болған оқиғаларды естерінде сақтай бермейді;

- Бұдан өзге 3-7 жас аралығындағы оқиғалардың үзінділері ғана сақталады;

- 10 жаста оқиғалар жадыларында тұрақтала бастайды;

Мамандардың айтуынша, бір оқиғаның балаларыңыздың естерінде қалғанын қаласаңыз, оны үнемі детальді түрде талқылап отырғаныңыз жөн. Бұл оқиғаның қаншалықты маңызды екендігін түсіндіруге көмектеседі.

Балалардың есте сақтау қабілетінің дамуы:

Естеліктер балалардың есте сатау қабілетін жақсартуға көмектеседі.

Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға көмектесетін кеңестер:

Күн тәртібін белгілеңіз:

Әдеттер мен іс-әрекеттерді қайталату арқылы бұл қабілеттерін тұрақтандыруға болады.

Егер балаңыз жуынып болған соң, қойнына сүйікті ойыншығын алып ұйықтайтын болса, ол әрдайым ойыншығын алу керектігін есіне сақтап отырады. «Суға шомылған соң не істейтін едің?» деген секілді сұрақтарды қою арқылы мұны естерінде жаңғыртып тұрсаңыз болады.

Сұрақтар қойып отырыңыз:

Мысалы, досыңыздың үйінің жанынан өтіп бара жатып, «бұл кімнің үйі еді?» деп сұрақ қойсаңыз болады. Тек есінде ғана қалып қоймай, достардың адам өмірінде маңызды екендігін түсінеді.

Сөзбен емес, ісіңізбен көрсетуге тырысыңыз:

Балалар ата-аналарының іс-әрекеттерін қайталайды. Оларға бір нәрсе үйреткіңіз келсе, көп сөзбен емес, бір іспен түсіндіргеніңіз жөн. Бұл әрекетті бірнеше рет қайталасаңыз, есінде жақсы сақталады.

Балаларыңыздың тәжірибесімен бөлісіп отырыңыз:

Болып жатқан оқиғаларды талқылап, бүгінгі күні не істегенін сұраңыз. Бүгін қандай жаңа дүниелермен танысқандығын, қандай тағамдар жегендігін, не нәрсе ұнағандығын міндетті түрде біліп отырыңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: psyho.ru