Ізгі ниет

Бразилияның «Орталық аялдама» атты классикалық киносы бірнеше рет халықаралық кинофестивальдердің айтулы сыйлықтарын қанжығасына байлаған. Киноға Дора есімді әжейдің Муса атты балаға серік болып, ит арқасы қияндарды шарлап, оның әкесін бірге іздескені туралы хикая арқау етілген. Ал біздің айтқалы отырғанымыз бұдан басқа әңгіме.

Жас режисер Вальтер Саллес Бразилияның түкпір-түкпіріндегі балалар арасынан бас кейіпкерді сомдауға лайықты кішкентай ұл бала іздейді. Бір күні ол жұмыс бабымен Рио-де-Жанейро әуежайына барғанда, бір кішкене ұл бала оның аяқ киімін сүртіп бермек болады. Бірақ тәкаппар жас режисер одан бас тартып, аяқ киімін майлатпайды. Әлгі ұл бала еш тайсалмастан: «Ендеше маған нан сатып алуға қарыз бере тұрыңыз, мен қолыма ақша түскенде, сізге сөзсіз қайтарып беремін» дейді.

Дәл сол сәтте, ол алдында тұрған осы арық баланың өз көңіліндегі киноның бас кейіпкерінен аумайтындығын аңғарады. Оның көңіліне түйіп, іздеп жүрген кейіпкері осы балаға құйып қойғандай ұқсайтын еді. Балаға нан сатып алатын ақшаны береді де: «Ертең сен менің кеңсеме кел. Ол жерде қарныңды тойғызатын тамақ та, ақша да бар» дейді.

Келесі күні әлгі баланың өзі ғана келмей, айналасындағы барлық аяқ киім майлап, ақша табатын достарын ерте келгенін көріп, қайран қалады.

Режисер Вальтер Саллес осы балалардың арасынан әлгі баладан да зерек, осы киноның бас кейіпкеріне бап келетін балалардың бар екенін байқайды. Бірақ ол соңында әлгі баланы алып қалып, сынап көрмек болады. Өйткені, бұл баланың құдды өзі түсірмекші болған кинодағы бала сияқты ізгі ниетті екенін бірден аңғарады.

Лула да Силва 

Ал кейінгі әңгіме айтпаса да түсінікті. Бұл кино керемет сәтті шығып, Винисиус де Оливейра есімді әлгі бала Бразилиядағы елге танымал әйгілі шолпанға айналады. Ал әңгімені басқа тақырыпқа бұрсақ, Бразилиядағы аяқ майлаушы бала Винисиус емес, 2003-2011 жылдар аралығында Бразилияның президенті болған Лула да Силва есімді аяқ майлаушы бала. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: alsolikelife.com